АСТАНА. 18 ақпан. Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты шеңберінде Астананың «Барысы» биылғы маусымдағы соңғы кездесуін өткізді. Омбыда Шығыс конференциясының көшбасшысы, жергілікті «Авангардпен» сынға түскен елордалықтар ойын соңындағы буллит арқылы жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталып, буллиттер сериясында біздің команда басымдық танытты. Алайда, бұл басымдық «Барыстың» турнирдің плей-офф сатысына жолдама алуына жеткіліксіз болды. Осылайша, астаналықтар Құрлықтық хоккей лигасына қатысқалы бері алғаш рет плей-оффқа өте алмады. Себебі, осы жеңістен кейін Андрей Назаровтың командасы қоржынындағы ұпайын 85-ке жеткізгенімен, басты бәсекелесі – Нижнекамскінің «Нефтехимигін» басып оза алмады.
«Авангардпен» болған ойында айдын иелері есеп ашты. Атап айтқанда, 9-минутта Алексей Глухов мергендігімен көзге түссе, 14-минутта Артур Лаута есепті еселеді. Үзіліске 3 минут қалғанда «Барыс» сапынан Роман Старченко гол соғып, қонақтар бір голдың қарымтасын қайтарды. Ал екінші кезеңде, нақты айтсақ, 32-минутта Брэндон Боченски қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестірді.
Овертаймда бірін-бірі ала алмаған қарсыластар буллиттер сериясына жүгінді. Бұл сында «Барыстың» жолы болды. Астаналықтар маусымды Шығыс конференциясының турнир кестесінде 9-орынмен аяқтағанын атап өткен жөн.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hawk.ru.
• 18 Ақпан, 2016
«Барыс» соңғы ойында «Авангардты» жеңгенімен, плей-оффқа өте алмады

Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48