Шаш, қане, шашуыңды...
Аспаннан айқыш-ұйқыш қар қылаулап, Оттары жаңа жылдың жанды лаулап. Алтайы үміт түлкі қырға тартты, Алаңсыз ақша қарға алды да аунап. Ұлықтап ұлыс күнін мұнша күткен, Қарсы алып халқым жатыр жыр-шабытпен. Оқалап омырауына жұлдыз қадап, Жарқырап шыға келді шырша біткен! Жайғасты жаңа жылым таққа барып, Бұл күні бала да мәз, қарт та қарық. Жастар жүр шырша айналып, шырқай түсіп, Жырларын жаңа жылдың жаттап алып. Аптықпай, кең адымдап алып далам, Болғанша бүгіп сырын, танып ғалам. Келеді күміс күнін көкке өрлетіп, Қыранның қанатымен қалықтаған. Халықпыз қазақ деген жайма шуақ, Көрмеппіз қулық жемдеп, айла асырап. Тоқшылық төңкеріліп тас төбемде, Ығымда ырыс жатыр жайғасып ап. Өзіңе ашты, міне, елім есік, Томпиып тыныштық боп, төріме шық! Жадырап минут сайын маңайымыз, Көркейсін келбетіңе көңіл өсіп. Сарғая күткен еді сайын далам, Шаш, қане, шашуыңды дайындаған! Алланың рахымынан үміт үзбей, Көрейік күніңді есен, айыңды аман. Келдің бе? Тасытып кел тіл мерейін, Қызығын қазынамның бір көрейін. Төріме оз, тосырқамай, төредей боп, Кейкимей, кібіртіктеп кірмедейін. Темірше САРЫБАЙҰЛЫ.Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55