2015 жылғы 23 желтоқсан №1219 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсан №697 Астана қаласы Бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бұйырамыз: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі А.ИСЕКЕШЕВ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің міндетін атқарушы М.МЫРЗАҒАЛИЕВ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1219 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасының отыз төртінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндірушілер (бұдан әрі - өндірушілер) мынадай бағыттар бойынша қаржыландыру жолымен жүзеге асырылады: 1) жұмыс орындарын күтіп ұстау; 4) өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу; 2) энергия ресурстарын пайдалану; 5) кепілдік міндеттемелерін қолдау. 3) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) автомобиль көлік құралдарының құрауыштары – автомобиль көлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері, бөлшектері, тораптары, құраушы бұйымдары, материалдары, химиялық, лак-бояу өнімдері және көлік құралдарын өндіру үшін қажетті өзге де құраушылары; 2) автомобиль көлік құралы – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, отырылатын тартқыштардың жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған (белгілі жүк түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерді және арнайы (әртүрлі негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) автомобильдерді қосатын автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі; 3) өндірушілер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнім (тауарлар) өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 4) өндірушілердің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға қаржыландыру – ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға қатысатын өндіруші қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге шығындарының қаржыландыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді орындаумен тікелей байланысты материалдық шығыстар, бөгде ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерінің құны; 5) өндірушілердің жұмыс орындарын күтіп ұстауға қаржыландыру – есепті кезеңге есептелетін жалақыны төлеуге шығындарының қаржыландыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарына ақша аударуға шығындар, әлеуметтік салық, қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, 6) кепілдік міндеттемелерін қолдау – автомобиль көлік құралдарына және олардың құрауыштарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қаржыландыру; 7) өндірушілердің өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізуге қаржыландыру – көлік құралдарының үлгілерін сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға шығындарды қоса алғанда, сынақтарды жүргізуге шығындарының қаржыландыру; 8) өндірушілердің энергия ресурстарын пайдалануға қаржыландыру - өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын электрлік және жылу энергиясын төлеуге шығындарының қаржыландыру. 2. Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар 4. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру Өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде ұсынылады: 1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылады; 2) өндірушіге өндірушінің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (WMI-код) берілген және өндіруші жеке сәйкестендіру нөмірін (VIN-кодын) автомобиль көлік құралдарының шанағының (кабинасының), шассиінің ажыратылмас құраушыларына немесе арнайы жасалған нөмірлік тақтайшаларға жазу бойынша операцияларды жүзеге асырады. 3) мынадай экологиялық таза: 4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқышы бар автомобиль көлік құралдарының кем дегенде біреуін өндіруді жүзеге асыру. 3. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібі 5. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру Өндіруші мен Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) арасындағы Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіру қаржыландыруды ұсыну шартының (бұдан әрі – қаржыландыру шарты) негізінде жүзеге асырылады. 6. Қаржыландыру шарты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарт негізінде жасалады. 7. Қаржыландыру шартын жасасу үшін Өндіруші Операторға мынадай құжаттарды қоса беріп, қаржыландыру шартын жасасу туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынады: 1) өндірушінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері; 2) өндірушінің басшысы және бас бухгалтері қол қойған, өндірушінің мөрімен бекітілген (болған кезде), оған қаржыландыру аударылатын өндірушінің банктік деректемелері және есеп шоттары көрсетілген анықтама; 3) WMI-кодын беру құжатының өндірушінің басшысы растаған көшірмесі; 4) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімнің бірінші және соңғы беттерінің нотариалды расталған көшірмелері; 5) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама; 6) көлік құралының типін мақұлдауының немесе көлік құралының сәйкестік сертификатының басшысы растаған көшірмесі. 8. Оператор осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Өндірушілер ұсынған қаржыландыру шарттарын жасасу туралы өтініштерді олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және Өндірушілермен қаржыландыру шартын жасасады не өндірушіге осындай шарт жасасудан бас тартады (жазбаша нысанда). 9. Қаржыландыру шартын жасасудан бас тарту үшін негіздер ұсынылған құжаттар мен оларда бар мәліметтердің осы Қағидалардың 4 және 7 тармақтарында белгіленген талаптарға толық болмауы және/немесе сәйкес келмеуі болып табылады. 10. Қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға мынадай құжаттарды қоса беріп, қаржыландыруды ұсыну туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысан бойынша) ұсынады: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесі; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалануға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесі; 3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесі; 4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарау тасымалдауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесі; 5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша М санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесі; 6) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша N санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесі; 7) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы есеп. 11. Оператор: 1) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұсынылған қаржыландыру ұсыну туралы өтінішті келіп түсу тәртібімен тіркейді; 2) қаржыландыруды ұсыну туралы шарттар келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды оларда бар мәліметтердің толықтығы тұрғысынан тексереді және оң шешім қабылдаған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыру ұсынады; 3) қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өндірушіні және уәкілетті органды негізделген бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, жазбаша түрде хабар етеді. 12. Қаржыландыруды ұсынудан бас тарту үшін негіз болып ұсынылған құжаттардың және онда мазмұндалған мәліметтің толық болмауы және/немесе осы Қағидалардың 10-тармағымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі. 13. Осы Қағидалардың 4, 7, және 10 тармақтарында бекітілген қаржыландыруды ұсыну талаптарын бұзу фактісі белгіленген жағдайда, Өндіруші алған қаражат Оператор табысына қайтаруға жатады. 14. Өндіруші Оператордың сұранысы бойынша осы Қағидалардың 10 тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген шығыс баптары бойынша, жылына екі реттен көп емес тәуелсіз аудиторлық ұйымының тұжырымын ұсынады. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 1-қосымша Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіруші мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарт ________ қаласы 20__ жылғы «___» __________ Осы Шарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын өндірушілерді (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (бұдан әрі – Оператор) атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ______________ және ____________ (бұдан әрі – Өндіруші) атынан ____________ негізінде әрекет ететін ____________ арасында жасалды. Мыналарды назарға ала отырып: Тараптар Шарт оның шарттарын іске асыру кезіндегі олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты, Тараптар төмендегі туралы осы Шартты жасасты. 1. Шарттың мақсаты 1.1. Осы Шарттың мақсаты тараптардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Осы Шарттың мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭЫ СЭҚ ТН) 8701 (ерші тартқыш), 8702 (жүргізушіні қоса алғанда он немесе одан көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8703 (жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары), 8704 (жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8705 (арнайыландырылған моторлы көлік құралдары) тауарлық позициясының экологиялық таза көлік құралдарын өндіру кезіндегі отандық экологиялық таза автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған өзара міндеттемелерін белгілеу және іске асыру бойынша Тараптардың өзара әрекеттесуі болып табылады. Экологиялық таза көлік құралдарын өндіру деп мынадай: 4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқышы бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының кемінде біреуін және, болған кезде, олардың құрауыштарын сериялық өндіру жүйесі түсініледі. Көлік құралдарының құрауыштарын өндіру деп көлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері, бөлшектері, тораптары, құраушы бұйымдары, материалдары, химиялық, лак-бояу өнімдері және көлік құралдарын өндіру үшін қажетті өзге де құраушылары түсініледі. 1.2. Осы Шарт 1.1-тармақта көрсетілген көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіру үшін Өндірушінің мынадай Оператордың қаржыландыруы үшін негіз болып табылады: 1) жұмыс орындарын күтіп ұстауға; 4) өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізуге; 2) энергия ресурстарын пайдалануға; 5) кепілдік міндеттемелерін қолдауға. 3) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға; 2. Тараптардың міндеттері 2.1 Өндіруші мыналарға міндеттенеді: 2.1.1. экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді қамтамасыз етеді; 2.1.2. есепті айдан кейінгі айдын 20-күнінен кешіктірмей Операторға қаржыландыру көлемін көрсете отырып, мынадай құжаттарды қоса беріп, қаржыландыруды ұсыну туралы өтінішті (тараптармен келісілген нысан бойынша) ұсынады: 1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 2 –7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қаржыландыру есептемесі; 2) өндірушінің басшысы растаған, есепті кезеңде өндірілген көлік құралдарын және олардың құрауыштарын шығару көлемдерін растайтын құжаттар. 2.1.3. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзуы дәлелденген фактілерді анықтаған, сонымен қатар өндіруші сенімді емес, немесе бұрмаланған мәліметтердің және ақпараттарды ұсынған кезде Оператор асыра төлеген сомаларды қайтаруды растайтын құжаттар қоса берілетін тиісті хабарламаны жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүргізеді. 2.1.4. Өндіруші қаржыландыруды алу мақсатында ұсынатын ақпараттың шынайылығы үшін Өндіруші жауапты болады. 2.2. Оператор мыналарға міндеттенеді: 2.2.1. қаржыландыруды ұсыну туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және оң шешім қабылдаған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыру ұсынады; 2.2.2. қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өндірушіні бас тарту негізін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді; 2.2.3. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзуы дәлелденген фактілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, сонымен қатар өндіруші сенімді емес, немесе бұрмаланған мәліметтердің және ақпараттарды ұсынған кезде Өндірушіні аударылған ақша қаражатын қайтару қажеттілігі туралы хабардар етеді; 3. Тараптардың жауапкершілігі 3.1. Өндіруші Шарттың нормаларын орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Оператор бұзушылықтарды көрсете отырып, Өндірушіге Шартты тоқтата тұру туралы және бұзушылықты бір айлық мерзімде жою туралы хабарламаны анықталған жазбаша нысанда жолдайды. Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісті түрде жоймау Шартты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен бұзу үшін негіз болып табылады. 3.2. Өндіруші ақта төлемін белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда оларды қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады. 3.3. Басқа да міндеттемелері мен кепілдіктерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады. 4. Форс-мажор 4.1. Егер осындай орындамау немесе орындаудағы кідіру сұрапыл күштермен жағдайлармен (форс-мажор) туындалса, Тараптардың біреуі де Шарт бойынша қандайда бір міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болмайды. 4.2. Форс-мажорға әскери шиеленістер, табиғи катастрофалар, сұрапыл апаттар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы) және өзге де төтенше және осы жағдайларда алды алынбайтын ахуалдар жатады. 4.3. осы Шарт бойынша жұмыстар Форс-мажор жағдайларымен туындаған толық немесе ішінара тоқтатылған кезде жағдайларды іске асыру мерзімдері форс-мажор қолданылған мерзімге ұзартылады. 4.4. Форс-мажор жағдайлары пайда болған жағдайда одан зардап шеккен Тарап олар пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде басқа Тарапты оқиғаның басталған күнін және форс-мажор жағдайларының сипатын көрсете отырып, жазбаша хабарландыруды ұсыну жолымен бұл туралы хабардар етеді. 4.5. Форс-мажор жағдайлары пайда болған кезде Тараптар қалыптасқан ахуалдың шешімін іздестіру үшін кідіріссіз келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарларын барынша төмендету үшін барлық құралдарды пайдаланады. 5. Құпиялылық 5.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шартты іске асыру бойынша жұмысқа жататын барлық құжаттар, ақпарат пен есептер бойынша құпиялылық шарттарын оның қолданылу мерзімінің ішінде сақтайды. 5.2. Тараптардың біреуі де басқа Тарапты жазбаша келісімін алмай, Шарттың мазмұнына қатысы бар ақпаратты немесе құпиялы деп есептелетін және осы Шарттың ережелерін іске асырумен байланысты өзге де ақпаратты мынадай: 1) ақпарат сот процесінің барысында пайдаланылған; 2) ақпарат Тараптардың біріне Шарт бойынша қызметтер көрсететін үшінші тұлғаларға осындай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылығын сақтау және оны Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімде пайдалану міндеттемелерін өзіне алу шарты кезінде ұсынылған; 3) ақпарат Тарап Шарт бойынша қаржы қаражатын алатын банкке немесе өзге қаржы ұйымына осындай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау міндеттемелерін өзіне алу шарты кезінде ұсынылған; 4) ақпарат кез келген, соның ішінде банк құпиясы болып табылатын, Өндірушінің кез келген, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарына жататын ақпаратқа қолжетімдігі бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылған; 5) Өндірушілерді ынталандыру көлімі туралы деректерді жариялау жағдайларын қоспағанда жария етуге құқылы емес. 6. Дауларды реттеу 6.1. Осы Шартты түсіндіру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау кеңестер мен келіссөздер жолымен шешіледі. 6.2. Реттемеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 7. Шарттың қорытынды ережелері, күшіне енуі және қолданылуының тоқтатылуы 7.1. Осы Шарт жылға дейін қолданылады және Тараптар шарттың талаптарын шынайы орындаған жағдайда автоматты түрде ұзартылады. 7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түрлендіріледі және реттеледі. 7.4. қаласында жылғы «___» ____________ әрқайсысы қазақ және орыс тілдеріндегі, бірдей заңды күші бар, әрбір Тарап үшін 1 (бір) данадан екі данада жасалды. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге қарайды. 8. Тараптардың деректемелері Оператор Өндіруші _________________________ _________________________ _________________________ _________________________ М.О. М.О. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 2-қосымша нысан Жұмыс орындарын күтіп ұстауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Өндіруші қызметкерлеріне еңбек ақысын төлеу қоры (теңге) Міндеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарына аударымдар сомасы (теңге) Әлеуметтік салыққа аударымдар сомасы (теңге) Қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға аударымдар сомасы (теңге) Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы (теңге) А Б В Г Д = (А+Б+В+Г) Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О.(болған кезде) Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 3-қосымша нысан Энергия ресурстарын пайдалануға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Электрлік және жылу энергиясын төлеуге шығындар (теңге) Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде) Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 4-қосымша нысан Ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындауға қатысатын қызметкерлер көрсетілген жұмыстарды орындаған кезең үшін осы қызметкерлерге еңбек ақысын төлеу (теңге) Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаумен тікелей байланысты материалдық шығыстар (теңге) Жұмыстарды өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарында орындаған жағдайда ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы шарттар бойынша жұмыстардың құны (теңге) Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы (теңге) А Б В Г = (А+Б+В) Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде). Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 5-қосымша нысан Дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарау тасымалдауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Өндіруші сынақтар жүргізуге жұмсаған шығындар сомасы (теңге) Өндіруші көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарау тасымалдауға шығындар сомасы (теңге) Өндіруші көлік құралының типін (шассиін) мақұлдауды алуға жұмсаған шығындар сомасы (теңге) Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы (теңге) А Б В Г = (А+Б+В) Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде) Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 6-қосымша нысан М санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Дөңгелекті көлік құралдарының санаты Қозғалтқыш көлемі (текше см.) Шығарылған көлік құралдарының саны (дана) 4 және одан жоғары экологиялық сыныбының М1 санатының дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері (АЕК) Төлеуге жататын сомасы (теңге) А Б В Г Д=В*Г*АЕК М1 1 000-нан артық емес 150 1 000-нан жоғары, алайда 2 000-нан артық емес 350 2 000-нан жоғары, алайда 3 000-нан артық емес 500 3 000-нан жоғары 1150 Электр қозғалтқышы бар 150 М2, М3 2 500-нан артық емес 300 2 500-нан жоғары, алайда 5 000-нан артық емес 500 5 000-нан жоғары, алайда 10 000-нан артық емес 950 10 000-нан артық 1000 Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде) Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 7-қосымша нысан N санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру ЕСЕПТЕМЕСІ Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Дөңгелекті көлік құралдарының санаты Толық массасы (тонна) Шығарылған көлік құралдарының саны (дана) 4 және одан жоғары экологиялық сыныбының М2, М3, N санаттарының дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері (АЕК) Төлеуге жататын сомасы (теңге) А Б В Г Д=В*Г*АЕК N1, N2, N3 2,5-тен артық емес 150 2,5-тен жоғары, алайда 3,5-тен артық емес 200 3,5-тен жоғары, алайда 5-тен артық емес 250 5-тен жоғары, алайда 8-ден артық емес 250 8-ден жоғары, алайда 12-ден артық емес 300 12-ден жоғары, алайда 20-дан артық емес 550 20-дан жоғары, алайда 50-ден артық емес 1700 Төлеуге қаржыландыру мөлшері: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде) Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларына 8-қосымша Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы ЕСЕП Ұйымның атауы _________________________________________________________________________ Орналасқан жері _________________________________________________________________________ БСН_____________ ЭҚЖЖ_____________________ Кбе____________ БСК_________________________ Тіркелуі туралы анықтама ___________________________ Дөңгелекті көлік құралдарының санаты Шығарылған экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының саны (дана) А Б Жалпы саны: Ұйым басшысы ________________ _________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) Бас бухгалтер ________________ ________________________________ (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде)) 20__ жылғы «__» ________________ М. О. (болған кезде) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12617 болып енгізілді.