20 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бұйрығы №8

343 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2016 жылғы 20 қаңтар,Астана қаласы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  регламенті туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы, құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары, ведомствоға бағынысты ұйымдарының басшылары Регламентті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаменті: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелімінен кейін он календарлық күннен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жолдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр Т.ДОНАҚОВ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент, Үкімет актілеріне, Министрлік туралы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның (бұдан әрі – Ұлттық бюро), құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің және ведомствоға қарасты ұйымдардың Министрлікке жүктелген функцияларды орындау процесіндегі қызметі қағидаларын айқындайды. 2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Министрліктің орталық аппаратының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның, аумақтық бөлімшелер мен ведомствоға қарасты ұйымдардың барлық қызметкерлеріне қолданылады. 3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарды қабылдау, өңдеу мен бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (бұдан әрі – НҚА туралы Заң), 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» (бұдан әрі – Әкім.рәсімдер туралы Заң), 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы», 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (бұдан әрі – Азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі Заң) заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына және Үкіметтің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулыққа (бұдан әрі – Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады. 4. Министрліктің аппаратында ұзақтығы сегіз сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. 2. Жұмысты жоспарлау 5. Министрлік өз жұмысын стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ тоқсанға, жылға және ұзақ мерзімге жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Министрлікте жұмысты жоспарлау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларына, жоғары тұрған органдардың актілері мен мемлекеттің лауазымды тұлғаларының тапсырмаларына негізделеді. 6. Стратегиялық жоспарда көзделген міндеттердің тура нәтижелерінің мақсатты индикаторлары мен көрсет­кіш­теріне қол жеткізу Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде Ұлттық бюроның бірінші кезектегі міндеті болып табылады. 7. Стратегиялық жоспар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен бекітіледі. 8. Қазақстан Республикасының он жыл мерзімге Стратегиялық даму жоспарын іске асыруға Министрлік жыл сайын 1 қарашаға дейін кезекті қаржылық жылға Меморандум әзірлейді, оған Министр қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді. Меморандумды әзірлеу алдыңғы жылдың негізгі мақсатты индикаторларына қол жеткізуді бағалауды ескере отырып, жүзеге асырылады. 9. Операциялық жоспар жыл сайын жасалады және Министрмен келісілген соң, Министрліктің жауапты хатшысы Министрліктің Стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны бекітеді және Министрліктің веб-порталында орналастырылады. Операциялық жоспар Министрліктің Стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды және Министрлік туралы Ережеде айқындалған өзге де міндеттерді, құрылымдық бөлімшелердің, Ұлттық бюроның және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметін қоса алғанда, оның барлық қызмет саласын қамтиды. 10. Министрліктің жұмыс жоспарларын Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. Жұмыс жоспарлары нақты қызмет көрсеткіштері көрсетілген іс-шараларды қамтиды, олардың орындалуына Министрліктің және Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелері жауап береді, міндетті түрде Министрліктің Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаментімен келісіледі. Ұлттық бюроның жұмыс жоспарларын оның Төрағасы Министрлікпен келісе отырып, бекітеді. Ұлттық бюроның жұмыс жоспарларының негізгі іс-шаралары Министрліктің стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағытталған және Министрліктің стратегиялық жоспары мен жұмыс жоспарларына біріктіріледі. 11. Министрліктің бекітілген жұмыс жоспарлары жоспарланған кезең басталғанға дейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей вице-министрлерге, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына танысу және одан әрі орындалуы үшін жіберіледі. Министрліктің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасы (бұдан әрі – ҰББ) жұмыс жоспарларының орындалу мерзімі бойынша бақылау жүргізеді. 12. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарларын және Министрліктің жұмыс жоспарларын, Меморандумды іске асыру барысы туралы есебі құрастырылады. 13. Жоспарлы іс-шараларды іске асыру туралы материалдарды бөлімше басшылары жоспарларда көзделген мерзімде дайындайды және бөлінген міндеттерге сәйкес жетекшілік етуші вице-министрлермен, жауапты хатшымен келісіледі, одан соң Министрге жіберіледі. Жауапты хатшы Министрліктің жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы ай сайын Министрге баяндап отырады. 14. Стратегиялық жоспарды, Меморандумды әзірлеу, іске асыру, мониторинг, талдау, іс-шараларды түзету мен жыл сайын бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіруді Министрліктің Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті жүзеге асырады. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері осы жұмысты үйлестіру мақсатында Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаментінің сұратуы бойынша көрсетілген мерзімде және көлемде қажетті ақпаратты береді. 15. Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Операциялық жоспар да, қажет болған жағдайда, Министрліктің жұмыс жоспарлары да түзетіледі. Жоспарларға түзетулер Министрліктің, Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелері басшысының дәлелді қызметтік жазба хаты негізінде енгізіледі. 3. Алқа отырыстарын, кеңестерді жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі 16. Министрліктің алқасы (бұдан әрі – Алқа) Министр жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Алқа отырысының қорытындысы бойынша шешімдерді Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық бюро, аумақтық органдар орындауға тиіс. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітеді және ол вице-министрлерді, жауапты хатшы, Ұлттық бюро төрағасы мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан құралады. 17. Министрліктің алқа отырыстары алқаның күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Алқа отырысы ашық болып табылады. Министр Алқаның жабық отырысын өткізу туралы хабарлай алады. Алқа отырыстарында қаралатын сұрақтардың саны шектелмейді. Алқа Министрліктің есепті кезеңге қызмет нәтижелері және алдағы жылға негізгі міндеттер бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі ұсынған алқа отырысын өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткізіледі. 18. Министрдің шешімі бойынша кезектен тыс алқа отырыстары өткізілуі мүмкін. Алқа отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысып отырған жағдайда, заңды болып саналады. Алқа мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. 19. Алқаның жұмыс жоспарын Министрдің тапсырмасы, вице-министрлердің, жауапты хатшының, Министрліктің құры­­­лымдық бөлімшелерінің, Ұлттық бюроның ұсыныстары негізінде ҰББ әзірлейді және Министрдің бұйрығымен бекітіледі. 20. Министрліктің алқа отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, олардың аралас қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне қарай, сондай-ақ Министрдің шешімі бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. 21. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қажетті ақпараттық және презентациялық материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде әдетте, алқа отырысына дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ҰББ-ға уақытылы береді. Ұйымдастыру-бақылау басқармасы материалдарды Алқа төрағасы мен Алқа мүшелеріне отырыстың болатын күніне дейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей береді. Алқаның кезектен тыс отырысын өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар ҰББ-ға оны өткізетін күні енгізіледі және Алқа отырысының қатысушыларына тікелей Алқа отырысында жеткізіледі. Алқаның қарауына енгізілетін материалдарды уақытылы дайындау мен сапасы үшін Министрліктің және Ұлттық бюроның мәселені қарау жөнінде бастама көтерген құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауап береді. Министрліктің, Ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпарат негізінде Министрдің баяндамасы, презентациялық материалдар, сондай-ақ Министрліктің басшылығы мен алқа қатысушылары үшін басқа қажетті үлестірме материалдар дайындалады. Қажет болған жағдайда, Министрліктің нақты сұрақ бойынша Алқа отырысын өткізудің өзге тәртібі белгіленуі мүмкін. 22. ҰББ Алқа отырысында қарау үшін ұсынылған материалдардың дайындығы дәрежесін зерделейді және Министрге олардың дайындығы туралы баяндайды, Алқа отырысының күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітіледі. Алқа Төрағасы: 1) Алқа отырыстарына төрағалық етеді; 2) Алқаның жұмысын ұйымдастырады; 3) Алқаның жұмыс жоспарын, Алқаның күн тәртібін, жұмыс регламентін, отырысты өткізу күні, уақыты мен орнын, жүргізу тәртібі мен өзге де қажетті құжаттар мен материалдарды бекітеді; 4) Алқаның қарауына енгізілген мәселелер бойынша баяндамашыларды айқындайды. Жоспарланған сұрақтарды алып тастау және күн тәртібіне жоспарланбаған сұрақтарды енгізуге тек Министрдің шешімімен рұқсат етіледі. 23. Алқа мүшелері: 1) Алқаның қарауына енгізілген мәселелер бойынша дауыс береді; 2) жоспарланған сұрақтарды алып тастау және Алқаның қарауы үшін күн тәртібіне жоспарланбаған сұрақтарды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді. Алқа мүшелері ерекше пікір айта алады, ол жазбаша түрде баяндалады және Алқа отырысының хаттамасына қоса беріледі. Алқа отырысы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Алқа Төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. 24. Болған талқылауды ескере отырып, мәселені дайындаған бөлімше 1 жұмыс күні ішінде Алқа отырысының хаттамасын, басқа материалдарды пысықтайды және оларды жетекшілік етуші вице-министрлер және/немесе жауапты хатшымен келіскен соң ҰББ-ға береді. Алқа отырысы хаттамасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобасы вице-министрлермен және/немесе жауапты хатшымен және Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келіскен соң, Алқа отырысы өткізілген күннен 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Алқа Төрағасының қол қоюы үшін ұсынылады. Егер хаттама жобасын келісу барысында құрылымдық бөлімшелердің арасында жекелеген сұрақтар бойынша келіспеушіліктер туындаса, даулы мәселе бойынша соңғы шешімді Министр қабылдайды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін алқа қорытындысы бойынша хаттама жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Министрліктің басшылығымен келісілген соң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберіледі. Алқа отырысының хаттамасы оған Алқа төрағасы қол қойған соң, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі және дереу танысу және орындау үшін хаттамада орындаушылар ретінде көрсетілген тұлғаларға және бөлімшелерге, сондай-ақ бақылауға қою мен оны жүзеге асыру, хаттаманың түпнұсқаларын сақтауды ұйымдастыру үшін ҰББ-ға жіберіледі. Алқа шешімдерінің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында олардың тұжырымдары нақты шаралар қабылдау туралы анық және нақты тапсырмаларды, сондай-ақ орындау мерзімін қамтуы тиіс. Алқа отырысының хаттамасында тапсырманы орындаудың нақты мерзімі («тұрақты», «жыл ішінде») айқындалмаса, онда олар Министрге хабарлана отырып, есепті жыл ішінде осы кезең өткен соң орындалады. Алқа шешімдеріне сәйкес дайындалған бұйрықтар, қызметтік жазбалар, хаттар тапсырмаларға вице-министрлер және/немесе жауапты хатшы қол қояды және Алқа отырысының хаттамасында белгіленген мерзімде Министрге ұсынылады. 25. ҰББ алқа отырысын ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады, іс жүргізеді, жыл сайын Алқаны өткізу тәжі­рибесін зерделейді және қорытады және Министрге оның қызметін жетілдіру шаралары туралы ұсыныстар енгізеді. 26. Алқа жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылады. 27. Министр апта сайын дүйсенбі күні Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер, Министрлікке жүктелген міндеттер мен іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау мен Министрліктің қызметінің аса өзекті мәселелеріне қатысты басқа да мәселелер бойынша аппараттық кеңес өткізеді. Аппарат кеңестеріне вице-министрлер, жауапты хатшы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Ұлттық бюроның Төрағаның орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өкілі қатысады. Құрылымдық бөлімшелер басшылары болмаған кезде оларды алмастыратын тұлғалар қатысады. Аппараттық кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуді Министрліктің Әкімшілік департаменті қамтамасыз етеді. Аппараттық кеңесте қаралуы үшін жоспарланған сұрақтар бойынша қажетті материалдарды құрылымдық бөлімшелер Министрліктің Әкімшілік департаментіне кеңес өткізілгенге дейін екі күнтізбелік күн бұрын, одан кешіктірмей ұсынады. Кеңес барысында берілген тапсырмалар аппараттық кеңес хаттамасында көрсетіледі. Министр аппараттық кеңесті өткізудің белгіленген тәртібін өзгерте алады. Министрлік басшылығы немесе құрылымдық бөлімшелердің басшылары ұсынған өзге де сұрақтар бойынша жедел кеңестер өткізіледі. Жедел кеңестер Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша да өткізіледі. Бұл кеңестер Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің Министрліктің қызметіне жетекшілік ететін өкілдерінің қатысуымен өткізілуі мүмкін. 28. Айына кемінде екі рет Министрліктің аумақтық бөлімшелерімен видео-конференция форматында кеңестер өткізіледі. Видео-конференция форматындағы кеңестерге материалдарды Министрліктің құрылымдық бөлімшелері дайындайды, оны вице-министрлермен және/немесе жауапты хатшымен келіскен соң, ҰББ-ға беріледі. ҰББ материалдарды жинақтау мен қорытуды жүзеге асырады және кеңес өткізілетін күнге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Министрдің кеңесшісіне Министрге ұсыну үшін жібереді. 29. Іс жүргізу мен кеңестер өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде қатысушыларға хабарлау, материалдарды дайындау, хаттама жүргізуді ҰББ жүзеге асырады. ҰББ Министрліктің аппараттық, жедел кеңестерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді. 4. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру 30. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды тікелей олардың басшылары қамтамасыз етеді. 31. Министр немесе вице-министрлер жетекшілік ететін, олардың міндеттері мен функциялары, аталған құрылымдар басшыларының лауазымдық өкілеттіктері айқындалатын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені жауапты хатшы Министрмен келісім бойынша бекітеді. Министрліктің жауапты хатшы жетекшілік ететін, олардың міндеттері мен функциялары айқындалатын құрылымдық бөлімшелері туралы ережені олардың өздері дербес бекітеді. 5. Ұлттық бюро, Министрліктің аумақтық бөлімшелері және ведомствоға қарасты ұйымдарымен өзара іс-қимылы 32. Министрлік Ұлттық бюроның, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің, ведомствоға қарасты ұйымдарға жалпы басшылық пен олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес негізгі даму бағыттарын айқындайды. 33. Министрліктің ведомствосы бола отырып, Ұлттық бюро Министрлікке есеп береді және бақылауында болады, өз қызметін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, нормативтік құқықтық актілерде және Министрлік басшыларының тапсырмаларында көрсетілген міндеттерге сәйкес жүзеге асырады. 34. Ұлттық бюро Министрлікке өз қызметі туралы мынадай ақпаратты береді: республика бойынша тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жедел жиынтық ақпаратты (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ұсынған нысанда) – күн сайын; мынадай ақпаратты: Министрліктің жұмысы туралы есепке қосу үшін Ұлттық бюроның қызметі туралы – жарты жылда бір рет, 10 шілде және 10 қаңтардан кешіктірмей; сыбайлас жемқорлықты қылмыстық-құқықтық әдістер арқылы талдау мен бағалау мақсатында «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» №1-Е статистикалық есеп нысанында Ұлттық бюроның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметінің нәтижелері туралы – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей; Министрліктің стратегиялық және өзге жоспарларында көзделген іс-шараларды орындау туралы (Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша); сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау үшін (Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша); Ұлттық бюроның жеке құрамы арасында тіркелген оқиғалар туралы (Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша); Министрліктің орталық аппараты қызметкерлерінің заңға қайшы мінез-құлық фактілері туралы; Ұлттық бюроның көмекші қызметтерінің жұмысы туралы (Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша). 35. Министрлік басшылығының Ұлттық бюро қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмаларын олар тапсырмада белгіленген мерзімде орындайды. 36. Министрлік басшылығының тапсырмаларын Ұлттық бюроға жеткізу және олардың орындалуын бақылауды Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады. 37. Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау барысында Ұлттық бюро Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлесіп жұмыс істейді. 38. Ұлттық бюро жедел-іздестіру және іс жүргізу қызметін жүзеге асыру шегінде өзге мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға дербес жүгіне алады. 39. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің Ұлттық бюромен өзара іс-қимылы кезінде туындайтын келіспеушіліктерді Ұлттық бюроға жетекшілік ететін вице-министр немесе жауапты хатшы қарастырады. Қарастырған соң аталған келіспеушілік реттелмеген жағдайда, олар бойынша шешімді Министр қабылдайды. Ұлттық бюро мен оларға жетекшілік ететін вице-министрлер немесе жауапты хатшы арасындағы келіспеушіліктерді әрбір тараптың жазбаша өтініші бойынша Министр қарастырады. 40. Министрліктің аумақтық бөлімшелері орталық аппаратқа мынадай ақпаратты береді. 1) мемлекеттік қызмет желісі бойынша: жыл сайын: мемлекеттік қызмет кадрлары жағдайына мониторинг бойынша есептер; мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша ақпарат (қызметкерлерді оқумен, кәсіби дамудың жеке жоспарларымен, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бағалаумен қамту, бос адам-күнінің үлесі); тоқсан сайын: әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметі тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша ақпарат («үздік», «тиімді», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» нәтижелері бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі); мемлекеттік қызметке алғаш кірген және сынақ мерзімінен ойдағыдай өткен тұлғалар саны; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы ақпарат; ай сайын: мемлекеттік органдар бөлінісінде бос лауазымдар саны; мемлекеттік қызметшілердің ауысу пайызы; «Е-қызмет» ААЖ-ын енгізген мемлекеттік органдардың саны (облыстың жалпы мемлекеттік органдары санынан); мемлекеттік қызметшілер және «А» корпусының резервшілері туралы мәліметтер («А» корпусының лауазымдарына тағайындау, «А» корпусының лауазымынан босату, ротация, бос лауазымдар, оның ішінде 2 айдан астам уақыт ішінде олардың бос болу себептері, резервшілерді оқыту, тәртіптік жазалар туралы); апта сайын: заңнаманы білу (оның ішінде бастапқы межеден өткендер) және жеке қасиеттерін бағалау үшін тестілеуден өткендер саны; мемлекеттік органдар бөлінісінде өткізілген конкурстар саны (жалпы және ішкі); 2) мемлекеттік қызметтер желісі бойынша: тоқсан сайын: мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманы сақтау бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге қатысты анықталған сәйкессіздігі, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, жүргізілген тексеру туралы ақпарат; мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат («Мониторинг» ААЖ мәліметтерін, қызмет алушылардың есептерін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау, мемлекеттік органдар, қызмет берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету орындарында, интернет-ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты орналастыру мониторингі); анықталған «жасырын» мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат; мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдцру бойынша әзірленген ұсыныстар туралы ақпарат; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат желісі бойынша: апта сайын: мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатерлерін талдаудың аралық нәтижелері (сыртқы талдау жүргізу кезінде); ай сайын: сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту және білім, жұртшылықпен өзара іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ашық келісім бойынша ақпарат; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша деректер; мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау желісі бойынша: апта сайын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңнамасының сақталуын бақылау бойынша тексеру қорытындысы; күнделікті: тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны; 4) ақпараттық-имидждік жұмыс желісі бойынша: апта сайын: өзіне өзекті іс-шараларды қамтитын бір аптаға жұмыс жоспары (сөйленетін сөздер, брифингтер, дөңгелек үстелдер, және т.б.). Жыл сайынғы ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-не дейін ұсынылады. Тоқсан сайынғы ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін ұсынылады. Ай сайынғы ақпарат есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не дейін ұсынылады. Апта сайынғы ақпарат әрбір аптаның бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. Күнделікті ақпарат келесі жұмыс күнінің сағат 10.00-ден кешіктірмей ұсынылады. 41. Аумақтық органдарға және Ұлттық бюроға тапсырмалар Министрліктің жұмыс жоспарына немесе дербес бөлімшенің жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметі басшылығының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде және өзге жағдайларда жіберіледі. Тапсырмаларды Министр, вице-министрлер немесе жауапты хатшы бере алады. Ұлттық бюроға, аумақтық бөлімшелерге Министрлікке кезекті есеп ақпаратын беру туралы сұрату, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өндірісте жатқан өтініштері шеңберінде сұратуға Министр, вице-министрлер немесе жауапты хатшы, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз құзыреті шегінде қол қояды. Бұл Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі басшылығының, Министрдің, вице-министрлердің және жауапты хатшының жаңа тапсырмаларын, жалпы мемлекеттік іс-шараларды орындауға, бастапқы тапсырманы сапасыз орындауға, жаңадан ашылған жағдаяттарға байланысты жағдайларды қоспағанда, аумақтық органдарға қосымша тапсырмалар жіберуге рұқсат етілмейді. Қосымша тапсырмаларға Министр, вице-министрлер немесе жауапты хатшы қол қояды. Электрондық деректер қоры арқылы алуға мүмкін емес ақпаратты беру туралы тапсырмалар беруге рұқсат етілмейді. 42. Жіберілген тапсырмаларды есепке алу Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – БЭҚАЖ) арқылы жүргізіледі. 43. Тапсырманы тиісінше есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жарты жылда 1 реттен кем емес аумақтық органдарға және Ұлттық бюроға жіберілген тапсырмаларға өзінің өзектілігін жоғалтқан тапсырманы жою үшін ревизия жүргізеді. Тұрақты немесе дүркін-дүркін орындау мерзімі бар тапсырмаларды жоюды Министрліктің оны жіберген құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады, ол туралы аумақтық органдар мен Ұлттық бюродағы орындаушыларға дереу жеткізіледі. 44. Министрлік Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет туралы Заң) және азаматтардың өтініштерін қарау туралы заңдарына сәйкес Ұлттық бюроның, аумақтық бөлімшелердің, ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметіне тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру ұйымдастырады. 45. Вице-министрлер және жауапты хатшы ретінде Министрлік басшылығы Министрлікте белгіленген кесте, Министрліктің жұмыс жоспарына, сондай-ақ Министрдің нұсқауы бойынша тексеру жүргізу немесе Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға көмек көрсету үшін өңірлерге барады. 46. Аумақтық органдарға шығуға дайындық кезінде Министрлікте тексерілетін өңірдегі жұмыс жағдайын сипаттайтын қолда бар статистикалық және өзге материалдарды талдау, Министрлік алқасының шешімдерімен, алдыңғы тексеру қорытындысымен және олар бойынша қабылданған шешімдермен танысу, бару мақсатына сәйкес жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау, тексеру жүргізу жоспарын құру қажет. 47. Кешенді тексеру бөлімшенің қызметі жағдайын жан-жақты тексеру, мақсатты – қажет болған жағдайда, бөлімшелердегі жекелеген қызмет бағыттарының жағдайын зерделеу үшін жүргізіледі. Кешенді тексеру үш жылда бір рет жүргізіледі, ҰББ ұйымдастырады және Министрдің нұсқауы бойынша вице-министрлер немесе Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің директорлары (директорларының орынбасарлары) басқарады. Аумақтық бөлімшелерді кешенді тексеру жоспарын жауапты хатшы бекітеді. 48. Кешенді тексеру жүргізу үшін комиссия құрамы Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы айқындайтын қызметкерлерінен құралады. Комиссия құрамына Министрлік басшылығының шешімі бойынша аумақтық органдардың қызметкерлері де енгізіледі. Тексеруге шығатын комиссия құрамына нұсқаулықты вице-министрлер немесе жауапты хатшы Министрдің нұсқауы бойынша жүргізеді. 49. Жоспардан тыс іссапарлар (төтенше жағдайларға байланысты, шағымдарды тексеру үшін, өзге мәселелерді шешу үшін) Министрдің нұсқауы бойынша жүргізіледі. 50. Мақсатты тексерудің ұзақтығы 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс, ал кешенді тексеру жүргізу үшін – жолды жүру уақытын есептемегенде, 10 жұмыс күнін құрайды. Тексеру мерзімін тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлға ұзартады. 51. Тексеру қорытындысы туралы анықтама (кешенді – көлемі 20 беттен аспайтын, мақсатты – 5-7 беттен аспай­тын) сол жерде еркін түрде екі данада жасалады, комиссияның барлық мүшелері, тексерілген бөлімшенің бас­шы­сы қол қояды және аумақтық органның, оның лауазымды тұлғаларының қызметі туралы бағалау мен талдау­дан, жіберілген кемшіліктер және бұзушылықтар себептері туралы қорытынды, оларды жою бойынша ұсыным­дар­дан тұрады. Анықтаманың бір данасы тексерілген бөлімшенің басшысына танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін беріледі. Тексеру жүргізу қорытындысы бойынша тексерілген бөлімшенің басшылығы және қызметкерлерімен кеңес өт­кізіледі, онда тексеру қорытындысы талқыланады, сондай-ақ оның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар беріледі. 52. Іссапардан келген соң комиссия басшысы 3 жұмыс күні ішінде Министрге тексеру қорытындысы туралы жазбаша баяндайды. 53. Кешенді тексеру нәтижелері Министрлік басшылығының шешімі бойынша Министрлік Алқасының немесе жедел кеңес талқылауына шығарылуы мүмкін. 54. Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарға жіберілетін Министрлік қызметкерлерінің шығындарын өтеу тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес айқындалады. 55. Министрлік қызметкерлерінің іссапарына қатысты тиісті құжаттарды уақытылы ресімдеуді қамтамасыз ету үшін Персоналды басқару қызметіне іссапарға жіберу туралы басшылықтың бұрыштамасы бар қызметтік жазба іссапар басталғанға дейін 3 күнтізбелік күн бұрын енгізіледі. Министрлік қызметкерлерінің шұғыл іссапарына жағдайында тиісті құжаттар дереу ресімделеді. 56. Аумақтық органдардың қызметкерлерін Министрлікке шақыру Министрдің, жауапты хатшының нұсқауы бойынша жетекшілік етуші вице-министрдің келісімімен құрылымдық бөлімше басшысының дәлелді қызметтік жазбасы бойынша жүзеге асырылады. 57. Аумақтық органдардың қызметкерлерінің Министрлікке іссапары мерзімі жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Іссапар мерзімі ерекше жағдайларда (көлік құралының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) аумақтық бөлімше басшысының тиісті бұйрығын шығару арқылы 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады. 58. Орталық аппарат, Ұлттық бюро, Министрліктің аумақтық органдарының мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар қызметкерлерінің іссапарға, шетелдік іссапарларға шығу тәртібі құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулықта белгіленеді. 59. Министрліктің орталық аппаратының шетелдік іссапарға жіберілетін қызметкерлерінің шығындарын өтеу тәртібі мен жағдайлары Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес айқындалады. 60. Ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметі Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Министрлік қызметінің тиісті бағыттары ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылымында және олардың даму жоспарларында көрсетіледі. Оларға жоғары тұрған органдар берген тікелей тапсырмаларды орындау үшін жіберілетін жауаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министрі Кеңсесі, өзге де жоғары тұрған органдарға жіберілетін құжаттарды ведомствоға қарасты ұйымдар Министрлік арқылы жібереді. Министрліктің ведомствоға қарасты ұйымдармен өзара іс-қимылы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Министрліктің кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу, қарау 61. Министрліктің іс жүргізу, Министрлікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу, тіркеу, жіберуді (жеткізу) Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасында тілдер туралы» (бұдан әрі – Тілдер туралы Заң), «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. 62. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарды қоспағанда, кіріс хат-хабарларын Министрлік сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері – сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері арасынан кезекшілік ұйымдастыру арқылы қабылданады. 63. Шұғыл тапсырманы орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттар (орындау мерзімі 10 (он) жұмыс күні) шұғылдығын растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының көшірмелері) көрсеткен жағдайда, жұмыс күні ішінде қабылданады. 64. Мемлекеттік органдардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түскен құжаттар бірдей болуы тиіс және елтаңбасы бар тиісті бланкіде ресімделеді және мынадай міндетті реквизиттерді қамтуы тиіс: шығыс нөмірі мен күні; Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрі Кеңсесі, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тиісті актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сұрауына жауап беру кезінде – Министрлікке бастамашылық тәртіпте келіп түскен құжаттарды (хаттарды) қоспағанда, сұраудың нөмірі мен күніне сілтемелер; мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарларының немесе жауапты хатшының (не­месе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғасының) қолы; орындаушының тегі мен оның телефонының нөмірі. Бұл ретте ерекше маңызы бар мәселелер бойынша электрондық құжаттар (мұрағатты және құжаттаманы басқаруға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сақтау мерзімімен) қағаз жеткізгішінде ресімделеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен келіп түскен хат-хабарларды қоспағанда, осы Регламенттің талаптарын бұза отырып, ресімделген кіріс хат-хабарлар қабылданбайды және Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі сол күні тиісті мемлекеттік органға кері қайтарады. Министрлікке келіп түскен хат-хабарлар қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, қол қойғыза отырып, қабылданады. 65. Осы Регламентте белгіленген тәртіпте қабылданған құжаттар қаралады, бақылауға алынады және Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшылық пен құрылымдық бөлімшелер арасында бөледі, одан әрі Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісті ресімдеу, бақылау белгілерін көрсету үшін тіркеу штампында нөмірі, күні мен парақ санын көрсете отырып, тіркейді және мына тәртіпте жолданады: Министрге қар