2015 жылғы 14 қыркүйек, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеруді тәртіпке келтіру мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10620 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 83 (28561) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
________________И.ТАСМАҒАМБЕТОВ
2015 жылғы 22 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі №764 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) әскери қызмет туралы заңнаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына (бұдан әрі – ҚР ҰҰ) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуге және зерделеуге, әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындауға және ауыстыруға, әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен келісімшарт жасасуға, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ротация жүргізуге, әскери атақтар беруге, демалыстар ұсынуға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді оқу әскери бөлімінде бастапқы оқытуға, ҚР ҰҰ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерінің әскери бөлімді өз бетімен тастап кетуге, әскери қызметтен шығаруға қатысты қолдануды нақтылайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу және зерделеу
2. Офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамдарының әскери лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуді және зерделеуді өңірлік қолбасшылықтардың кадр қызметтері, әскери бөлімдердің, Әскери институттың және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының (бұдан әрі – ҰҰБҚ) командирлері жүзеге асырады.
3. Кандидаттардың өтініш беру уақыты мен күндері, сондай-ақ құжаттардың қажетті тізбесі, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бақылау-өткізу пунктіндегі (бұдан әрі – БӨП) ақпарат тақтасында көрсетіледі.
4. Әскери қызметке кандидаттар лауазымды адамның ілесіп жүруімен белгіленген уақытта әскери бөлімнің кадр бөлінісіне келеді.
Кадр қызметі кандидаттарға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру тәртібін және әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық куәландырудың қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Бос лауазымға кандидатқа осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге ниет білдірген адамдар ұсынылатын құжаттар тізбесі беріледі.
5. Құжаттардың толық тізбесі ұсынылғаннан кейін кандидат осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға баянат (өтініш) толтырады.
Баянат (өтініш) тіркелуі тиіс.
6. Кадр қызметі кандидатқа оның әскери қызмет өткеруі болжанатын бөліністің командирімен алдын ала әңгімелесу өткізу күні туралы қол қойғыза отырып хабарлайды.
7. Кадр қызметі кандидат туралы ақпаратты әскери полиция қызметіне жолдайды, сондай-ақ арнайы тексерісті жүргізу үшін құжаттарды ресімдейді.
8. Бос лауазымы бар бөліністің командирі кандидатпен алдына ала әңгімелесу жүргізеді және оның нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметке қабылдау туралы қорытындының (бұдан әрі - қорытынды) бірінші бөлімін толтырады.
Алдын ала әңгімелесу процесінде бөлініс командирі кандидаттың кәсіби даярлығы деңгейін, білімінің бос лауазым бойынша қызмет саласына сәйкестігін, сондай-ақ бос лауазым бойынша әскери қызмет сипатын түсіндіреді.
9. Кадр қызметі кандидаттың «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 38-бабында көзделген талаптарға сәйкестігін тексереді, ол үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сұрау салулар жолдайды.
10. Кадр қызметі кандидатқа қол қойғыза отырып, бөлім командирінің (бастығының) қолымен бос лауазымды көрсете отырып, әскери-дәрігерлік комиссияға медициналық куәландыру үшін жолдама береді.
Медициналық куәландыру нәтижелері қорытындының үшінші бөлімінде көрсетіледі.
11. Зерделеудің қорытынды нәтижелері қорытындының төртінші бөлімінде жазылады, онда зерделеуді кімнің жүргізгені, кандидаттың алдағы жұмысы үшін қажетті қабілеттердің қайсысын көрсеткені және кандидатты сол немесе өзге лауазымға пайдалану мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды, сондай-ақ кандидатты және оның жеке ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер көрсетіледі.
12. Кандидатты зерделеу аяқталғаннан кейін толтырылған қорытынды кадр қызметіне кандидаттың жеке ісі материалдарын одан әрі рәсімдеу үшін жолданады.
13. Қорытынды кандидаттың әскери қызмет өткеруі болжанатын әскери бөлім командирінің (бастығының) жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі және оны лауазымға тағайындау құқығы бар әскери бөлім командирі (бастығы) бекітеді.
14. Әскери-дәрігерлік комиссиядан өту нәтижелері бойынша кандидат нормативтер бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша тест тапсырады.
Арнайы мақсаттағы бөлініске кандидат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетті атқарушының 2014 жылғы 22 қарашадағы №103 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ел басының тестілерін өткізу қағидаларында көзделген президенттік деңгей нормативтері бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша тест тапсырады.
Бөлімнің дене шынықтыру және спорт бастығы (арнайы мақсаттағы бөлініс командирі) бағалары қойылған бағалау ведомосын кадр қызметіне ұсынады.
15. Кандидаттарды іріктеуді іріктеу комиссиясы сотталғандығын анықтайтын талаптардың (сұрау салу) нәтижелері, әскери-дәрігерлік комиссияның және дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру қорытындылары келіп түскеннен кейін жүргізеді.
16. Құрамында төраға, хатшы (кадр бөлінісінің өкілі) және кемінде үш адамнан тұратын комиссия мүшелері кіретін іріктеу комиссиясын әскери бөлімнің командирі құрады және бекітеді.
17. Іріктеу комиссиясы кандидаттың білімінің оны тағайындау көзделетін әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкестігін, кандидаттың дене шынықтыру даярлығын және кәсіби іріктеудің деректері негізінде нақты лауазымды атқару үшін кәсіби жарамдылығын тексереді.
18. Іріктеу комиссиялары кандидаттарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде кандидаттармен әңгімелесу өткізеді, кандидаттардың кадр қызметі ұсынған жеке істерін және қосымша материалдарын зерделейді, сондай-ақ іріктеуге қатысқан кандидаттарды әскери қызметке қабылдаудың мақсатқа сайлылығы немесе бас тарту себебін көрсете отырып, оларды қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Іріктеу комиссиясы жұмысының нәтижелері осы Нұқсаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іріктеу комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Бас тарту себебін көрсете отырып, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту кандидаттарға қол қойғыза отырып, жазбаша түрде беріледі.
19. Бекітілген қорытындының негізінде кадр қызметі әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт ресімдейді және кандидат пен бөлім командиріне (бастыққа) қол қойғызады.
Бұдан кейін бөлім командирі (бастық) келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде кандидат бөлімнің жеке құрам тізіміне тіркеледі және лауазымын атқаруға жіберіледі.
20. Жеке құрам бойынша бұйрық шығарылғаннан кейін үзінді әскери есепте тұрған жері бойынша жергілікті әскери басқару органының (бұдан әрі - ЖӘБО) бастығына әскери есептен шығару үшін жолданады.
Сонымен қатар запаста тұрмаған адамға әскери билет беру туралы сұрау салу жолданады.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау және ауыстыру
21. Әскери қызметшілерді штаттық лауазымдарға олардың тікелей бастықтары тағайындайды.
22. Офицерлер құрамының адамдарын әскери лауазымдарға тағайындау жеке батальон командирінен бастап және жоғары тікелей бастықтардың ұсынымы бойынша жүргізіледі.
23. Лауазымдарға тағайындауға арналған ұсынымдар жетекшілік ететін кадр қызметі арқылы тікелей бастықтарға жолданады.
24. Сарбаздар мен сержанттар құрамының адамдарын әскери лауазымдарға тағайындау «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген үлгі нысанға сәйкес рота командирінен бастап және жоғары тікелей бастықтардың ұсынымы бойынша (әскери қызметке қабылдау кезінде ұсыным ресімделмейді) жүргізіледі.
25. Офицерлер құрамының адамдарын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы (бұдан әрі – Бас қолбасшы) номенклатурасының лауазымдарына тағайындауға арналған құжаттар шешім қабылдау үшін ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына жолданады.
26. Офицерлер құрамының адамдарын өңірлік қолбасшылық қолбасшысы номенклатурасының лауазымдарына тағайындауға арналған құжаттар шешім қабылдау үшін өңірлік қолбасшылықтардың кадр бөлімдеріне жолданады.
27. Бас қолбасшының бұйрықтарымен тағайындалатын өңірлік қолбасшылықтардың сержанттары лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар шешімді ресімдеу үшін ҰҰБҚ Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасына жолданады.
Өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының бұйрықтарымен тағайындалатын әскери бөлімдердің сержанттары лауазымдарына тағайындауға арналған ұсынымдар шешімді ресімдеу үшін өңірлік қолбасшылықтардың ұйымдастыру және жасақтау бөлімдеріне жолданады.
Өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің сержанттарын тағайындау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас сержантымен келісе отырып жүргізіледі.
28. Ұсынымдар ҰҰБҚ (бас) басқармаларының (дербес бөлімдер) мүдделі бастықтарымен, сондай-ақ Бас қолбасшының тиісті қызметтерге жетекшілік ететін орынбасарларымен келісілуі тиіс.
29. Командирлер (бастықтар) офицерлер құрамының адамдарын лауазымдарға тағайындауға ұсынады және ұсынымдар (баянаттар, ауыстыру жоспарлары) бойынша әскери қызметшілердің аттестациясын ескере отырып, сондай-ақ конкурстық іріктеу, курстық даярлықтан немесе тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша қорытынды береді.
30. Әскери лауазымдардың штаттық атауы өзгерген кезде (штаттық-лауазымдық санаттары өзгермей), сондай-ақ әскери бөлімнің нөмірі немесе атауы өзгерген кезде «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – ҰҰ туралы Заң) сәйкес жаңа әскери лауазымдарға қайта тағайындау жүзеге асырылады.
31. Қызметшілерді офицерлер құрамының бос лауазымдарына уақытша тағайындау жоғары білімі, тиісті әскери мамандық саласы бойынша ұқсас мамандығы және осы мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі болған кезде жүргізіледі.
32. Сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің бос лауазымдарына мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, қызметшілерді «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 99 қбпү Жарлығына сәйкес тағайындауға болады.
Әскери қызметші уақытша болмаған (жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс) жағдайда сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің бос емес лауазымдарына қызметшілерді (азаматтық персонал, оның ішінде запастағы немесе отставкадағы әскери міндеттілер және жоғары немесе орта арнайы білімі бар әскери міндеттілер) ҰҰ туралы Заңға сәйкес тағайындауға болады.
33. Өңірлік қолбасшылықтардың (құрамалардың) кадр қызметтерінде жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін 5 қаңтарға қол жеткізген нәтижелерді және әскери тәртіптің жай-күйін ескере отырып, алдағы жылы жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту және оқуға жіберу үшін офицерлер құрамының резерві құрылады.
Бұл ретте резервке тіркелген әрбір офицермен нақты лауазымға немесе оқуға түсуге дайындық бойынша қандай жұмыс жүргізілетіні айқындалады.
34. Резервке тіркелген адамдарды қызмет бойынша тең лауазымдарға ауыстыру кезінде тиісті тікелей бастықтың шешімі бойынша қызметтік мінездемелерде олардың бұрынғы қызмет орны бойынша резервте тұрғаны туралы көрсетіледі.
35. Офицерлер құрамының адамдарын төмен лауазымдарға ауыстыру аттестаттау комиссиясының қарауынан соң жүргізеді.
36. Офицерлер құрамының адамдарын лауазымды орындаудан шеттету саптық бөлім бойынша бұйрықпен жүзеге асырылған жағдайда оны атқаратын лауазымынан босату кейіннен тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеп, жеке құрам бойынша бұйрықпен жүргізіледі.
37. Лауазымдарды уақытша атқаратын адамдар осы лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілер немесе уақытша болмағаннан кейін келген әскери қызметшілер әскери бөлімге келген кезде бұл міндеттерді атқарудан босатылады.
38. Әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) ретінде тіркеу ҚР ҰҰ жеке құрамының тізімдерінде қалдыра отырып, ҰҰБҚ емтихан қабылдау комиссиясының ұсынымы бойынша Бас қолбасшының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
39. Әскери оқу орнын аяқтаған соң, бітіруші (офицер) Бас қолбасшының бұйрығымен лауазымға тағайындалады немесе тиісті командирдің (бастықтың) қарамағына тіркеледі.
40. Қарамағында болу мерзіміне әскери қызметшінің емделу және еңбек демалысында болу уақыты, оның ішінде қарамағында болу кезеңінде ауырған әскери қызметшілер үшін де есептелмейді.
41. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер келісімшарт мерзімі аяқталған соң (қалауы бойынша және бос лауазымдар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде орналасқан әскери бөлімдердің әскери лауазымына тағайындалады.
42. Басқа әскери бөлімде қызмет өткеруге ниет білдірген әскери қызметші келісімшарт мерзімі аяқталардан 2 ай бұрын қызмет орны бойынша баянатпен өтініш білдіреді. Бөлім командирі шешім қабылдағаннан және әскери қызметшінің жаңа қызмет орны ретінде таңдалған бөлімнің қолбасшылығымен жазбаша келісілген соң, кадр қызметі әскери қызметшіні басқа әскери бөлімге тағайындау үшін құжат ресімдейді және жолдайды.
43. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді отбасы жағдайы бойынша, әскери қызметшінің немесе оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша жаңа қызмет орнына ауыстыру одан әрі қызмет өткеру үшін таңдалған әскери бөлімде бос лауазымдар болған жағдайда жүргізіледі.
44. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді өңірлік қолбасшылықтар, Әскери институт, тікелей бағынысты бөлімдер арасында тиісті командирлердің (бастықтардың) қолдаухаты бойынша ауыстыру Бас қолбасшының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргізіледі.
45. Офицерлер құрамының адамдарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ҚР ҰҰ әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға ауыстыру және әскери қызметшілерді (қызметкерлерді) басқа құқық қорғау және арнайы органдардан, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ҚР ҰҰ-ға келісімшарт бойынша әскери қызметке айқындау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің немесе Бас қолбасшының жеке құрам бойынша бұйрықтарымен жүргізіледі.
46. Офицерлер құрамының адамдарын және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ҚР ҰҰ-дан әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органдарға және кері ауыстыру осы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
47. Ауыстыру кезінде ҚР ҰҰ офицерлер құрамының жеке істері осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істерді арнайы есепке алу кітаптарында есепке алынады.
4. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу
48. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге қолданыстағы келісімшарт мерзімінің аяқталуына кемінде төрт ай қалғанда осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан шығарылатыны туралы хабарланады.
49. Осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес әскери қызметте болудың шекті жасына толған, оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми дәрежелері немесе атақтары бар әскери қызметшілердің, келісімшарт мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан жоғары ұзарту туралы баянаты бойынша Бас қолбасшының шешім қабылдауы үшін ҰҰБҚ ұсынылады.
50. Әскери қызметшінің баянатына әскери қызметшіні әскери қызметте шекті жастан қалдырудың мақсатқа сайлылығы туралы бөлім командирінің (бастық) негізделген қолдаухаты (ұсынымы) қоса беріледі және қызметтік карточкасынан үзінді жолданады.
51. Әскери қызметшілерді әскери қызметте шекті жастан қалдыру туралы қабылданған шешімдерді оларға әскери бөлім командирлері (бастық) жеке өздері жариялайды. Әскери қызметшілердің жеке істеріндегі қызметтік тізімдерге шекті жастан тыс әскери қызметте кімнің шешімімен және қандай мерзімге қалдырылғаны туралы жазылады.
52. Келісімшарт мерзімін әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс ұзартудан бас тартылған әскери қызметшілерге әскери бөлім командирлері (бастық) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес ҚР ҰҰ шығарылатыны туралы хабарлайды.
5. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ротация жүргізу
53. Әскери қызметшілерді ротациялау әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
54. Ротациялау шарттары:
бір әскери лауазымда 5 жылдан артық болу;
климаттық жағдайы ауыр жерлердегі бір әскери бөлімде 3 жылдан артық әскери қызмет өткеру болып табылады.
55. Ротациялау жоспары және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізімі жыл сайын 1 желтоқсанға жасалады.
56. Мынадай:
мүгедек жұбайы (зайыбы) бар;
мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар;
асырауында қартайған ата-аналары бар;
осы жылы келісімшарт мерзімі аяқталатын;
әскери қызметте болудың шекті жасына толуына 3 жыл қалған;
тең немесе жоғары лауазымға тағайындау мүмкін емес әскери қызметшілер ротациялауға жатпайды.
57. Тікелей бастықтарының қолдауы және аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша Бас қолбасшы осы Нұсқаулықтың 57-тармағында көрсетілген мерзімге әскери лауазымдарда болу уақытын ұзартады.
58. Ротациялау жоспарына және ротациялауға жататын әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер ротациялау жоспарын және әскери қызметшілердің тізімді бекіткен адамның шешімі бойынша енгізіледі.
59. Өңірлік қолбасшылықта өңірлік қолбасшылық қолбасшысының номенклатурасы бойынша ротациялау жоспары мен тізімі жасалады және 5 желтоқсанға дейінгі мерзімде ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына ұсынылады.
60. Ротациялауға жататын өңірлік қолбасшылықтар әскери қызметшілерінің тізімі осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
61. Өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілерін ротациялау жоспары осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылдың қорытындысында 15 қаңтарға жасалады және 15 шілдеде нақтыланады.
6. Әскери атақтар беру
62. Офицерлер құрамының адамдарына және сарбаздар мен сержанттар құрамындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, оның ішінде қайта аттестаттау тәртібімен әскери атақтар беру ҰҰ туралы Заңға сәйкес жүргізіледі.
63. Оң аттестатталған, тиісті штаттық лауазымдарды атқаратын офицерлерге кезекті әскери атақтарын уақтылы беру мақсатында ұсынымдар ҰҰБҚ кадр қызметіне офицерлердің атағындағы еңбек сіңірген мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда жіберіледі.
64. Әскери бөлім командирінің офицерге немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшіге жеке әңгімелесу барысында кезекті әскери атағын беруге ұсынуды кешіктіруге негіз болған себепті жариялауы әскери қызметшінің әңгімелесу парағына қол қоюы арқылы жүргізіледі, ол кезекті әскери атақ берілгенге дейін жеке істе сақталады.
Қабылданған шешім мен офицерлер құрамының адамымен жүргізілген әңгімелесу туралы ҰҰБҚ Кадр және әскери білім басқармасына ақпарат беріледі.
65. Запастан ерікті түрде келісімшарт бойынша немесе шақыру бойынша әскери қызметке айқындалған және лауазымға тағайындалған офицерлердің әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзімінде заңнамамен белгіленген еңбек сіңірген мерзімдерін сақтай отырып, олардың запастағы әскери атағында болған уақыты есептеледі.
66. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге ұсынылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 89-тармағының 3) – 5) тармақшаларына сәйкес құжаттар ресімделеді.
67. Ауыстыру тәртібімен келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне олардың арнайы атағына немесе сыныптық шеніне тең офицерлер құрамының әскери атағы қайта аттестаттау тәртібінде беріледі. Кезекті әскери атағын беру мерзімін есептеу соңғы әскери атағын алған күннен бастап есептеледі.
68. Әскери атағы жоқ азаматтарға «қатардағы» және кейінгі әскери атақтар тиісті штаттық лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, сондай-ақ жоғары әскери оқу орнына түскен кезде жеке құрам бойынша бұйрықтармен беріледі.
69. «Кіші сержант» әскери атағы штатта тиісті және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымдарға тағайындалған кезде, оқу бөлімін бітірген соң немесе аталған мамандық бойынша тиісті білімі болған жағдайда ол қызмет өткеретін бөлімі командирінің бұйрығымен беріледі.
7. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге демалыстар беру
70. Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі, отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді және оқу демалыстарын беру кезінде демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына қарамастан беріледі және темір жол (әуе, автомобиль, теңіз) көлігінің қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып) кестесі бойынша есептеледі.
71. Темір жол қатынасы болмаған жағдайда демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақыт демалысты өткізу орнына жақын теміржол станциясына дейінгі қозғалыс (қайта отыруды ескере отырып), темір жол көлігі кестесі бойынша есептеледі. Жақын темір жол станциясынан демалыс өткізу орнына жетуге қажетті уақыт қайта отыруларды ескере отырып, қалааралық автобустардың (маршруттық таксилердің) қозғалыс кестесі бойынша есептеледі.
Демалысты өткізу орнына көліктің өзге де түрлерімен барған кезде бару және қайту уақыты темір жол көлігінің қозғалыс кестесі бойынша есептеледі.
72. Демалысты бірнеше пунктте өткізген жағдайда әскери қызметшінің таңдауы бойынша қызмет орнынан оған осы пункттердің біреуіне бару және кері қайту үшін уақыт ұсынылады.
73. Демалысты өткізу орнына бару және кері қайту үшін қажетті уақытты есептеу үшін растайтын құжаттар жол жүру құжаттары (билеттер), сондай-ақ темір жол, теңіз, авиа-вокзалдар мен автобус станцияларынан алынған анықтамалар болып табылады.
74. Баянатта көрсетілген елді мекенде болғанын растайтын құжаттар жақын орналасқан қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) есепке қойылғаны және алынғаны туралы демалыс билетінің сыртқы жағына қойылған белгі (мөр) болып табылады.
Егер әскери қызметші демалысқа келген елді мекенде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) болмаса, ол жергілікті мемлекеттік басқару органында есепке тұруы (есептен алынуы) мүмкін.
75. Қазақстан Республикасынан тыс демалысқа шыққан кезде баянатта көрсетілген елді мекенде болғаны туралы растайтын құжат жол жүру құжаты болып табылады.
76. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағаттан асса, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін екі тәулік (одан көп) қосылады.
77. Демалысты өткізу орнына жету үшін қажетті уақыт он екі сағатқа жетпесе, онда әскери қызметшінің демалысына демалысты өткізу орнына баруы және кері қайтуы үшін бір тәулік қосылады.
78. Жыл сайынғы негізгі демалысты туристік жолдамалар бойынша өткізген жағдайда жол жүру үшін уақыт қызмет орнынан бастапқы пунктке дейін және кері – туристік бағыттың соңғы пунктінен қызмет орнына дейін ұсынылады.
79. Жүктілігі және бала тууына байланысты демалысқа шығар алдында немесе одан кейін, болмаса бала күтімі бойынша берілген демалысы аяқталған соң әйел әскери қызметшіге егер бұған дейін пайдаланбаса, оның қалауы бойынша толық төленетін жыл сайынғы демалысы ұсынылады.
80. Отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзімді демалыс жыл сайынғы негізгі демалысты пайдалануына қарамастан ұсынылады.
81. Қызметтік қажеттілік бойынша әскери қызметші демалысты беру құқығы берілген уәкілетті лауазымды адамның саптық бөлім бойынша бұйрығымен жыл сайынғы негізгі демалыстан кейін шақыртылады.
8. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару
82. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша шығару туралы шешім қабылдау аттестаттау комиссиясының қарауынан кейін жүргізіледі.
83. Уәкілетті органның бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баласы) бар жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін өзге де адамдармен штаттарды қысқарту (ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар) бойынша келісімшартты бұзуға жол берілмейді.
84. Әскери қызметтен шығаруға ұсыну алдында олардың қызмет өткеруі туралы деректер нақтыланады, қажет болған жағдайда олардың қызмет өткерген кезеңдері күнтізбелік есеппен еңбек сіңірген жылдарына және жеңілдік жағдайында жеке есептелуі құжаттамамен расталады, заңнамаға сәйкес зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдары есептеледі. Есептелген еңбек сіңірген жылдары әскери қызметшіге жарияланады.
85. Келісімшарт бойынша қызмет мерзімі аяқталған және емделудегі әскери қызметшілердің келісімшарт мерзімінің аяқталу күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен бекітілген Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне сәйкес емделуде болған кезеңіне ұзартылады.
86. Шығаруға арналған ұсынымда оң аттестатталған әскери қызметшіні көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар көрсетіледі.
87. Келісімшарт қолданысының тоқтатылуы туралы барлық даналардағы жазбалар жеке құрам бойынша бұйрықтағы тұжырымға сәйкес жүргізіледі.
88. Құжаттар ҚР ҰҰ Бас қолбасшылығына бір данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, жеке істері Кадр және әскери білім басқармасында сақталатын офицерлерге 2 данада (оларды жеке іске тігу үшін) ұсынылады.
89. Офицерлерді шығару кезінде құжаттар бір данада (номенклатуралық іске тігу үшін) ұсынылады.
90. Жеке істері Кадр және әскери білім басқармасында сақталатын офицерлерге кезекті әскери атақ беруге ұсыну кезінде 1 дана 9х12 (жеке іске), 1 дана 3х4 фотосуреті (қысқартылған қызметтік карточкасына) қосымша жіберіледі.
91. Офицердің немесе сарбаздар мен сержанттар құрамы лауазымдарындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет өткеруіне қатысты және жеке құрам бойынша бұйрықпен бекітілген әрбір тармаққа тиісті аттестаттау материалдары ресімделеді, олар номенклатуралық істерге, ал олардың көшірмелері әскери қызметшілердің жеке істеріне тігілуі тиіс.
9. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің лауазымдарын жасақтау
92. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің лауазымдарын жасақтау Заңмен белгіленген тәртіппен шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүргізіледі.
Жасақтауға және азаматтарды зерделеуге ЖӘБО-мен бірге ҚР ІІМ өкілдері қатысады.
Бұл жұмысты:
1) ҰҰ БҚ;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті;
3) Жедел жоспарлау департаментінің Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы;
4) қорғаныс істері департаменттеріне, басқармаларына және бөлімдеріне бекітілген ҚР ҰҰ өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары және әскери бөлім командирлері;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің шақыру комиссияларының мүшелері болып табылатын ішкі істер органдары бастықтарының орынбасарлары ұйымдастырады.
ҚР ҰҰ мерзімді әскери қызметтің жас толықтырушыларымен жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша әскердің бекітілген штат санына сәйкес жүргізіледі.
93. Жыл сайын қаңтар және шілде айларында ҰҰ БҚ жас толықтырушылардың, оның ішінде мамандардың қажетті санын көрсете отырып есеп-өтінім жасайды және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментіне жолдайды.
94. Облыстардың (қала) жинау пункттерінен әскери бөлімдерге жіберілетін әскерге шақырылушылардың санын жоспарлауды ҰҰ Бас штабы әрбір қорғаныс істері жөніндегі департаментке (қала, облыс) арналған нарядқа байланысты жүзеге асырады.
95. Зерделеуді ҚР ҰҰ өңірлік қолбасшылықтарының және әскери бөлімдерінің тиісті штаттық лауазымдарындағы офицерлері (бұдан әрі – штаттық лауазымдардағы офицерлер) жүзеге асырады., олар әскери бөлімдерге жөнелтуге қатысады.
Штаттық лауазымдардағы әскери қызметшілер ай сайын ЖӘБО және аумақтық ішкі істер органдарына іссапарға жіберіледі. Штаттық лауазымдардағы офицерлерге көмектесу үшін өңірлік қолбасшылықтардың және әскери бөлімдердің орналасу орны бойынша осы жұмысқа даярланған әскери қызметшілерді бөлінеді.
Штаттық лауазымдардағы іссапарға жіберілген офицерлерге азаматтармен әңгімелесу жүргізу және құжаттарды зерделеу үшін үй-жайлар бөлінеді.
96. Бас қолбасшы жыл сайын бұйрық шығарады, онда өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер ЖӘБО-ға бекітіледі.
97. Әскердің іссапарға жіберілген офицерлерімен бірге зерделеуді тиісті ішкі істер департаменттері бастықтарының, өңірлік қолбасшылық қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің бірлескен бұйрықтарымен тағайындалатын ішкі істер органдарынан жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің қызметкерлері ЖӘБО және аумақтық ішкі істер органдарына шыға отырып, жүзеге асырады.
98. Учаскелік полиция инспекторларына осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҰҰ шақырылатын азаматқа анықтама жасау жүктеледі.
99. ҚР ҰҰ үшін әскерге шақырылушылардың командаларын қалыптастыру және жөнелту кезеңінде облыстық (қалалық) жинау пункттерінде, сондай-ақ темір жол станцияларында әскери командаларды жөнелту, отырғызу, келу орындарында және әскерге шақырылушыларды тасымалдайтын жолаушылар поездарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігі ұйымдастырылады.
100. Екі жылда бір рет ҰҰ БҚ-да штаттық лауазымдардағы офицерлермен оқу-әдістемелік жиын өткізеді. Жиынға жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің қызметкерлері тартылады.
101. Жас толықтырушыларды қабылдау үшін облыстық (қалалық) жинау пункттеріне мынадай есеппен жас толықтырушыларды қабылдаушылар жіберіледі:
20 әскерге шақырылушыға дейін – 1 әскери қызметші;
20-дан 40 әскерге шақырылушыға дейін – 2 әскери қызметші;
40-тан 50 әскерге шақырылушыға дейін – 3 әскери қызметші;
50-ден 60 әскерге шақырылушыға дейін – 4 әскери қызметші;
60 және одан көп әскерге шақырылушыға – 5 әскери қызметші.
Команда басшыларында осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мүлік болуы тиіс.
102. Жас толықтырушыларды қабылдаушылар облыстық (республикалық маңызы бар қала немесе астана) жинау пунктінің бастығына бағынады. Олар жинау пунктінің жұмыс тәртібіне сәйкес іс-шараларға қатысады.
103. Шақырылушыны қабылдаудан бас тартқан жағдайда еркін нысанда акт жасалады, оған штаттық лауазымдағы офицер өңірлік қолбасшылықтың (әскери бөлімнің) жинау пунктіндегі лауазымды адамдарымен бірлесіп, сондай-ақ шақыру комиссиясының мүшесі қол қояды, талдау және шара қабылдау үшін Ұлттық ұланның Бас штабына ұсынылады.
10. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау және ауыстыру
104. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындау бағыныстылық тәртібімен атаулы тізімдер, жоғары тұрған штабтардың өкімдері негізінде әскери бөлім командирінің тәуліктік бұйрығымен жүргізіледі.
Әскери қызметшілер қызметті әскери қызметке шақыру кезінде жіберілген немесе оқу әскери бөлімінде даярлықтан кейін келген әскери бөлімде өткереді.
105. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің негізгі есептік-әскери құжаттарын жүргізу:
есептік-қызметтік карта - саптық бөлімге;
әскери билет - бөлімше (рота) командиріне жүктеледі.
106. Әскери қызметшінің әскери билетінде:
1) әскери қызмет өткергені туралы;
2) әскери ант қабылдағаны туралы;
3) әскери атақтар берілгені туралы;
4) әскери-есептік мамандық берілгені туралы;
5) лауазымының және әскери-есептік мамандығының атауы туралы;
6) ерекше белгілер бөлімінде:
оқыған мамандығын көрсете отырып, оқу әскери бөлімінде оқығаны туралы;
ауыстырылғаны, әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткені, қамауға алынғаны туралы саптық бөлім бойынша бұйрықтардың нөмірлері;
7) жұмылдыру бойынша шақырылғаны туралы, ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы, соғыс уақытында пайдаланылғаны туралы, жұмылдыру ұйғарымдарының берілгені және алынғаны туралы белгілер қойылады.
107. Одан әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру:
1) әскери бөлімнің ішінде – әскери бөлім командирінің бұйрығымен;
2) өңірлік қолбасшылық ішінде бір әскери бөлімнен екіншісіне – өңірлік қолбасшылық қолбасшысының өкімі негізінде;
3) өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты әскери бөлімдер арасында – ҰҰ БҚ бұйрықтарымен және өкімдерімен жүргізіледі.
108. Уақытша іссапарға жіберу:
әскери бөлімнің орналасу шегінде, сондай-ақ қамаумен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндеттерді орындайтын бөлімшелердің құрамында әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі;
өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің орналасуы шегінде өңірлік қолбасшылық қолбасшысының өкімі негізінде әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүргізіледі;
өңірлік қолбасшылықтар арасында, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде спорттық жиындарға және сайыстарға қатысу үшін ҰҰ БҚ өкімі негізінде жүргізіледі.
Сот-тергеу органдарының қолдаухаты бойынша іссапарға жіберу ҰҰ әскери бөлімдеріне жүзеге асырылады.
109. Әскери қызметшілер әскери бөлімге кешігіп келген кезде қызметтік тергеу жүргізе отырып, кешігу себебін анықтау әскери қызметші қарам