21 Ақпан, 2016

Малайзияда балықшылар кемесі апатқа ұшырады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-02-2016 balikshilar kemesiАСТАНА. 21 ақпан. Малайзияның солтүстік-батысында балықшылар кемесі апатқа ұшырап, 15 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Апатты жағдай Лангкави архипелагындағы Пулай Пайяр аралынан 20 шақырым қашықтықта болды. Бұл туралы хабар алғаш болып, сенбі күні кешке таман келіп түскен. Оқиға орнына келген құтқарушы топ ауа райының қолайсыздығына байланысты көп ұзамай жұмыстарын тоқтатуларына мәжбүр болды. Дегенмен қазіргі кезде олар құтқару жұмыстарын қайта бастады. Із-түзсіз жоғалған 15 адамның өмірінен еш хабар жоқ. Апатқа ұшырағандардың бәрі жергілікті тұрғындар. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: tvc.ru.