21 Ақпан, 2016

Жасөспірімдер Олимпиадасы. Төртінші қазақстандық жүлдегер атанды (фото)

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-02-2016-olimp 04АСТАНА. 21 ақпан. Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір қазақстандық спортшы жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шорт-тректен аралас командалық жарыс бойынша 6-топта сынға түскен отандасымыз Анита Нагай болгар қызы Катрин Манойлова, латыш спортшысы Карлис Крусбергс және жапониялық Казуки Йошинагамен бірге өнер көрсетіп, Олимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша олардың көрсеткіші – 4:17,181 минут. Бұл сында алтын медаль 2-топқа бұйырды. Аталған топтың құрамында Ана Фаршиада (Норвегия), Джи Ким (Оңтүстік Корея), Стейна Десме (Бельгия) және Квенте Феркока (Франция) бар. Өз кезегінде чемпиондар жарыс жолын 4:14,413 минутта жүріп өтті. Ал күміс медаль Петра Язапати (Венгрия), Джулия Мур (Австралия), Тьерк Де Боер (Нидерланды) және Киичи Шигеиро (Жапония) өнер көрсеткен 3-топтың еншісінде кетті. Олардың көрсеткіші 4:14,495 минутқа тең. Осымен қазақстандық спортшылар Норвегиядағы додада төртінші медальді қоржынға салып отыр. Бұған дейін биатлоннан 6 шақырымдық спринттік жарыста бақ сынаған Арина Пантова мен мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды. Сондай-ақ, конькишіміз Әнуар Мұхамадиев аралас команда сапында сайысқа түсіп, күміс медальді мойынан тақты. Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасы 21 ақпан күні аяқталады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: lillehammer2016.com. 21-02-2016-olimp 02 21-02-2016-olimp 03 21-02-2016-olimp 05 21-02-2016-olimp 06