22 Ақпан, 2016

Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 552 спорт шебері дайындалды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-02-2016 akmola 1КӨКШЕТАУ. 22 ақпан. Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 552 спорт шебері дайындалды. Бұл туралы «Ақмола медиа орталығы» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тәуелсіздік жылдары облыста 9 жаңа спорт мектебі ашылып, спортпен айналысушылардың саны екі өскен. Бұл 185 мың адам немесе өңір тұрғындарының 25 пайызын құрайды. Саланы қаржыландыру соңғы 13 жылда 12 есе өссе, 2015 жылы спортқа 4,3 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина «Тәуелсіздік жылдарындағы спорттық жетістіктер» конференциясында мәлімдеді. Конференцияда сөз сөйлеген облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары Роза Жұмағұлова осы 25 жылда 445 спорт шебері, 91 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 6 еңбек сіңірген спорт шебері дайындалғанын атап өтті. Олардың қатарында Анатолий Храпатый, Сергей Копытов, Дмитрий Гааг, Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая, Николай Чеботько сияқты әлемдік деңгейдегі саңлақ спортшылар бар. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрама командасына қабылданған спортшылар саны да артып отыр. 1991 жылы 30 адам болса, 2015 жылы 323 ақмолалық спортшы республика намысын қорғады. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: «Ақмола медиа орталығы». 22-02-2016 akmola 2