22 Ақпан, 2016

Әскерилер қиын жағдайда ұшу жаттығуларын жасады (фото)

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SAMSUNG DIGITAL CAMERA АСТАНА. 22 ақпан. 30153 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтау қаласында ұшу жаттығуларын өткізді.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Армияшы ұшқыштар Ми-8 тікұшақтары мен 4-ші үлгідегі Су-27 ұшақтарында жаттықты. Берілген тапсырмаларға байланысты әскери қызметшілер әртүрлі жаттығуларды, яғни, ұшу, қону, пилотаж аймақтарындағы іс-қимылдарды пысықтады. «Оқу-жаттықтырулар оңай болған жоқ. Ұшқыштар  күндіз-түні аптасына құрам кем дегенде үш рет ұшып жаттықты. Оқу-жаттығуларға Әуе қорғанысы күштеріӘскери институтының курсанттары қатысты. Олар екінші курстан бері оқу-жаттғуға қатысып келеді. Ұшқыштардың психологиялық және дене даярлығы да аса маңызды. Сондықтан ұшу алдында олар міндетті түрдегі медициналық тексеруден өтеді», деді Әскери-әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев. Ұшқыштар оқу-жаттығу базасында жаттықты. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 22.02.2016 AST-4 ???????????????????????????????????? 22.02.2016 AST-5