06 Қаңтар, 2011

Қарсыласы қашып кетті

419 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Шымкент қаласында  әлем чемпионы атағы үшін арнайы матч өтуі тиіс еді. Бірақ... Мәселе былай болды. Юрген Бреймер, WBO жүйесі бой­ынша әлем чемпионы Германиядан бір-ақ шы­ғып­ты деген сыбысты естіп қалдық. Таң азанымен Бей­біттің әкесі Әмірхан көкемізді жұмыс орны­нан бастық. – Балам үшін жүрегім тілім-тілім болып бітті, –дейді батырдың әкесі. – Ол осы шетелдіктер кешікпей келсе екен деп үш күн бойы Алматының әуежайында жүрді. Жақ­сы қонақ үйге орналастыр­дық. Ештеңеден кемдік көрген жоқ еді. – Содан? – Американың промоутерлік компаниясының президенті Ген Гуссон өзінің серіктерімен ұшып келгенде әуежайдан Юрген Бреймерді командасымен көріп қа­ла­ды. “Шүменовпен бокстаспай­мын, ішім ауырып жүр”, – депті. Осы жекпе-жектің алдында жаһанға жар салып: “Шүменов­тің қабырғасын қақыратамын, екі белдігін де өзі туған қаласында шешіп алып кетемін”, деген са­ба­зың ас-судан уланып қалдым деп ешкімге хабар салмастан та­банын жалтыратып үлгеріпті. Жанкүйерлер аң-таң. Мұн­дай­да іші ауырған адам тұра қаш­пай, дәрігер көмегіне жү­гінеді. Жекпе-жектің өтпеу себебін Қазақстан Кәсіпқой бокс федера­циясына, халықаралық тиісті орындарға білдіреді. “Мен бұрын­ды-соңды мұндай мықты формаға келген жоқпын, өзімді өте жақсы сезінемін, жекпе-жекке тас түйін дайынмын”, деген Юргеннің бұ­лайша құбылуында тағы бір сыр бар секілді. Қазақ­стандықтар жағы алдын ала анализ тапсыру туралы өтініш айтқанда Бреймердің бапкері Михаэль Тим оны құлағының сыртымен тың­дапты. Кампильо да Астанада жекпе-жек өткізгеннен кейін анализ тап­сыр­май есігін тарс жауып алып, ашпай қойғанынан хабарымыз бар еді. Сол Кампильоны да, Узел­ков­ты да сырт елде талқандаған Бейбіт Шүменовтің туған жерінде ас­қар таудай әке-шешесі, алып қор­ға­ны Қазақстандай Отанында қос белбеуін ұстатып жіберуі ертегінің де шеңберіне сыймайды. “Іші өт­кен” жырынды Юрген Бреймер осыны сезген секілді. Бұзақылығы үшін бірнеше мәрте сотты болған әлем чемпионы соңғы кикілжің дауы­нан әлі де құтылмапты. “Ол өз белбеуінен айырылып қалмауды ойлап, қорқақтық танытты”,  дейді сарапшылар. Қазақстан Кәсіпқой бокс феде­ра­циясының бас хатшысы Алтын­бек Нұр­дәу­летовпен тілдестік. – Біздің Бейбіт сөзсіз жеңетін еді. Әттеген-ай, – дейді ол. –­ Неміс қулық істеп кетті. Енді ол ха­лық­аралық сотқа тартылады. Бір­ақ, Шымкентте айтыл­ған күні жекпе-жек өтеді. Бейбіт өз атағын қорғап қалу үшін аме­ри­калық үш дүр­кін әлем чемпионы Ульямс Жопимен шаршы алаңға шығады. Юрген Бреймер со­лақай бол­ғандықтан, Бейбіт бапкерімен үш ай ұрыс тактикасын соған құрған еді. Ал, Ульямс – оңқай. Айналдырған екі-үш күнде так­тиканы қайта түзу, пси­хо­ло­гия­лық дайындыққа бұл уақыт өте аз. Бірақ, біз Бейбітке сенеміз. Көнге WBA және IBA белбеулерін қойып, қазағы­ның атын айдай әлемге мәшһүр ету үшін тәуекелге барған ержүрек ұлы­мыз неміс қашып кетпегенде ТМД бойынша дара боксшы болар еді. Бұл жолы жеңсе, ол  үш дүр­кін әлем чемпионы болады. Бақтияр ТАЙЖАН. Шымкент. ------------------------------------ Суретте: Б.Шүменов бапкерімен бірге.