Орал қаласындағы қаңғыбастарға арналған уақытша бейімдеу орталығының тұрғыны Владимир Радкевич 2 миллион рубль ұтып, бір-ақ күнде миллионер болып шыға келді. Әртүрлі басылымға жарияланған сканвордтарды шешуге құмар ол мол байлыққа да осы құпия сөздердің жауабын табу арқылы кенеліп отыр.
Өзінің айтуынша, кезекті рет сканворды бар газет сатып алғанында, басылым бетінен қорғаныш қабатымен жасырынған кодтың барын байқаған. Шарт бойынша ол кодты көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, хабарлау керек екен. Бұл жөнінде қомақты ұтыс иесінің өзі былай дейді: «Мен оларға хабарласып, жасырынған кодты айттым. Ал тұрғылықты мекен-жайым ретінде бейімдеу орталығын көрсеттім. Кейін орталыққа қағаз келді. Онда компьютердің таңдауы арқылы менің екі миллион рубль ұтқаным жайында айтылған. Сондай-ақ, ұтысты алу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керектігі де түсіндірілген. Мен барлық тиісті құжатты жинап, олар көрсеткен мекенжайға жібердім».
Бұл оқиғаны алаяқтардың кезекті айласы деп болжаған ғаламтор қолданушыларына А.Радкевичтің айтар уәжі бар. Оның сөзіне қарағанда, келген хатта бір жерге ақша жіберу, телефон нөміріне бірлік салу немесе қымбат бағаға тауар сатып алу туралы міндетті талаптар айтылмаған.
«Егер біреулер айтқандай, бұл алаяқтық болса, көңілім баяғыдай. Себебі, шығындалып, еш жерге ақша жібергем жоқ. Ал ұтқаным рас болса, ол ақшаға бірінші кезекте өзіме баспана сатып аламын», – деген В.Радкевич көрсетілген талаптар бойынша ақшаның сәуір айында қолына тиюі тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі бағаммен 2 миллион рубль 9 миллионнан астам теңгеге тең.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше