ансамблінің әншісі Галина Қарамолдаеваның ұстаздық еткеніне – 50 жыл
Галина Қарамолдаева дегенде, ең әуелі 1968 жылдың 8 наурызында тек қана қыздардан құрылған «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің талшыбықтай бұралған әнші қызы көз алдымызға елестейді...
Сонымен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өткен ғасырдың жетпісінші жылдары аты дүркіреп шыққан «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің әншісі, ұлағатты ұстаз Галина Қарамолдаеваның 70 жылдық мерейтойы мен ұстаздық қызметінің 50 жылдығын бар сән-салтанатымен тамаша атап өтті.
Қыздар университетінде өткен айтулы шараға М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының артистері мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері де қосылды. Өйткені, Галина Қарамолдаеваның театрдағы жұмысы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен тығыз байланысты.
Өнегелі өмірін ұстаздықпен һәм өнермен ұштастырған Галина Жұмабекқызы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүние есігін ашқан. Әже қолында өскен қыз гармон тартып, халық әндеріне ғашық бола бастайды. Бала арманмен Қызылорда педагогикалық училищесінде оқып жүргенде музыкаға әуестігі арта түседі. Сосын білімін киелі шаңырақ Қыздар университетінің Өнер және мәдениет факультетінде жалғастырады.
«Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблінің мүшесі Галина Қарамолдаева құраммен бірге «Гүлдерайым», «Тек қана қыздар», «Қамажай», «Қаракөзайым», «Алматының алмасы», «Бәрінен де сен сұлу» сынды әдемі әндерді шарықтата шырқағаны да күні кеше.
Ансамбль қыздарының есімдері республикаға танымал болумен қатар, шетелдерге шығандап шыға келді. Сонымен қатар, Галина Қарамолдаева әуелетіп ән шырқаса, ансамбль құрамындағы Ағайша Исағұлова баян тартып, екеуі өзінше жұп болып, «Қос қарлығаш» деген атпен тағы көзайым болып, халық жүрегінен орын алды. Өз кезінде жоғары бағаға ие болған бұл ансамбльдің аты бүгінде алтын әріптермен сақтаулы.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше