«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі белсенді бағыт алуда. Аптаның аяғы, демалыстың алғашқы күніне түскен үгіт шаралары Орал қаласынан басталып, одан елорданың төрінде кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, кейінгіде атбасы Талдықорған қаласына бұрылды. Ақжолдықтар ел экономикасын жақсарту тұрғысында отандық өнім өндірушілерді қолдау үшін Талдықорғанға арнайы келген еді.
Талдықорған қаласындағы 740-тан астам адам жұмыс істейтін «Қайнар» аккумулятор зауытына бет бұрған партия өкілдері жылына 1 800 000 дана аккумулятор шығаратын зауыт жұмысшыларымен жүздесті. Партия төрағасы Азат Перуашев пен оның орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса және Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер қатарындағы Нұрлан Жазылбеков пен Дмитрий Васильев қатысқан кездесудің мәні партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру және оны жан-жақты талқылау жұмыстарымен айқындалды.
Әсіресе, бизнестi қорғау және кәсiпкерлiк саласы, нарықтық реформалар және экономика, бiлiм беру мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсiптiк кешен, рухани-мәдени сала, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық реформалары сынды басым бағыттар бағдары белгілі болды. Бұл ретте, отандық өнім өндірушілерді қолдау маңызды екендігі атап көрсетілді.
Сонымен қатар, Елбасы саясатының бір нәтижесі ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын атауға болатынын жеткізген партия төрағасы бүгінгі күннің басты талабы – жұмысшыларды қысқартпақ түгілі, олардың айлық жалақыларын көтеру қажет екендігін атап өтті. Сондықтан да елімізде заманауи технологиясы бар, бәсекелестікке қабілетті компанияларды көбейте түсу қажет. Сонда ғана біз экономикамызды одан әрі дамытамыз. Егер өз экономикамызды дамытып, ішкі сұранысты өтейтін болсақ, яғни қуаттылығы талапқа сай аккумуляторды, әртүрлі аяқ киім болсын, сан алуан азық-түлікті өзіміз шығарар болсақ, еңсемізбен көк тірейтін боламыз, деді А.Перуашев.
Жалпы алғанда, елдегі экономиканың дамуы, теңге тұрақтылығы мен отандық өнімдердің артуы және кәсіпкерлік саласына кең жол ашу бағыттарын алға қойып отырған партияның зауыттарға келіп, ондағы жұмысшылардың жағдайымен танысуы — белсенді жұмыстардың бір белесін білдіріп отыр. Бұл ретте партия өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстарына, байыпты бағыты мен мақсаттарына риза болған зауыт қызметкерлері бірауыздан осы партияға дауыс беретіндігін жеткізді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10