24 Ақпан, 2016

Семейдегі салиқалы кездесулер

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
A26J2190REЭлектораттық науқан аясында кеше «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабы Семей қаласына келіп, мұнда үгіт-насихат топ мүшелері Радиотехника және байланыс колледжінің ұжымымен, жергілікті шығармашылық және патриоттық ұйымдар өкілдерімен және ардагерлермен, сондай-ақ, «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесулер өткізді. Делегация құрамына Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі, партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынба­сары Нұржан Әлтаев, «Астана Опера» театры­ның жетекші солисі Майра Мұ­хамедқызы, «Қазақстанның мүгедектер кон­федерациясы» РҚБ президенті Жаннат Омарбекова, Парламент Мәжілісінің V шақырылым депутаттары Нұр­тай Сабильянов, Жанат Жарасов, Ха­лық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңір­ген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлы­ханов және басқалары енді. Колледждің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрлан Ұрынбаева былай деді: «Мен өз азаматтарына еш ақысыз мамандық беріп, білікті де білімді кәсіп иесі болып қалыптасуына жағдай жасап отырған әлемде бірде-бір елді көрген емеспін». «Тегін кәсіптік-техникалық білім бе­рудің арқасында бізде бос жүрген жас­­тар болмайды. Бұл – өте дұрыс ше­шім. Біз «Нұр Отанға» дауыс бере оты­рып, Президентіміздің сарабдал сая­са­­тын қолдаймыз», – деді колледж ди­рек­торының орынбасары Гүлназ Есем­баева. Жиында биыл әлемдегі ең үлкен ядролық полигонның жабылғанына 25 жыл толғаны да назардан тыс қалған жоқ. «Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғанына ширек ғасыр болды. Біздің Көшбасшымыз әлі күнге дейін ядролық қару­дан өз еркімен бас тартқан әлемдегі жал­ғыз ел саналады», – деді Б.Тілеухан. Семей қаласындағы автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникаларын шы­ға­ратын «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуде штаб мүшелері Елбасының индустриялық-инновациялық даму, Қазақ­станды әлемнің дамыған елдері қа­тарына қосуға мүмкіндік беретін экономиканы жаңа қағидаттарға көшіру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру бойынша алға қойған тапсырмалары туралы баяндады. Сапар соңында сай­лауалды штаб мүшелері Семейдің арда­герлер және патриоттық ұйымдар белсенділерімен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бағдарламасына, жас­тарды патриоттық тәрбиелеу, көпұлт­ты қазақстандық қоғамды еліміздің гүл­денуі мен игілігі үшін біріктіру мәсе­ле­леріне назар аударды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Семей.