24 Ақпан, 2016

Халықаралық ұйымдар байқаушылары

446 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
ERA_7581+Олардың қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары қандай? Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Та­тьяна Охлопкова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіп, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депу­тат­тарын сайлау кезінде халық­аралық ұйымдардан байқау­шылар миссиясының қыз­метін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары жөнінде баяндап берді. «Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере отырып, Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты, – деді ОСК мүшесі осы туралы. – «Сайлау туралы» Заңға сәйкес халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрінің немесе ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының ресми шақыруы бойынша, сондай-ақ, Ортсайлауком берген халықаралық байқаушының аккредиттелгені жөнінде куәлік болған кезде, ал шетелдік БАҚ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде байқауды жүзеге асыра алады». Т.Охлопкованың тоқталып өткеніндей, халықаралық бай­қаушылардың қызметін мате­риалдық-техникалық қамтамасыз ету оларды жіберген шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен немесе байқаушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған ереже халықаралық құжаттарда көрсетілген. «Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауды үш халықаралық ұйымның миссиясы жүзеге асырады, – деді ол. – Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) – 1999 жылғы президенттік сайлаудан бастап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – 2004 жылғы Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап және Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2007 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудан бастап жүзеге асырып келеді». «Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере отырып, Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты, – деді ОСК мүшесі осы туралы. – «Сайлау туралы» Заңға сәйкес халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрінің немесе ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының ресми шақыруы бойынша, сондай-ақ, Ортсайлауком берген халықаралық байқаушының аккредиттелгені жөнінде куәлік болған кезде, ал шетелдік БАҚ өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігінің аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде байқауды жүзеге асыра алады». Т.Охлопкованың тоқталып өткеніндей, халықаралық бай­қаушылардың қызметін мате­риалдық-техникалық қамтамасыз ету оларды жіберген шет мем­лекеттің немесе халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен немесе байқаушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған ереже халықаралық құжаттарда көрсетілген. «Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауды үш халықаралық ұйымның миссиясы жүзеге асырады, – деді ол. – Атап айтқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) – 1999 жылғы президенттік сайлаудан бастап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – 2004 жылғы Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап және Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2007 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудан бастап жүзеге асырып келеді». Бұдан кейін ОСК мүшесі осы үш миссияның әрқайсысына тоқталып өтті. Оның атап өтуінше, сайлауды байқау жөніндегі миссия – ДИАҚБ қызметінің неғұрлым ауқымды нысаны. Оның құрамына сарапшылардың негізгі тобы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқаушылар кіреді. Миссияның құрамында, сондай-ақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, Еуропалық Парламенттің және басқа да парламенттік ұйымдардың делегациялары болуы мүмкін. «ДИАҚБ-ның кез келген деңгейдегі сайлау­ды байқауға мандаты бар, – деп жалғастырды сөзін Т.Охлопкова. – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлец Ортсайлауком төрағасы Қ.Тұрғанқұловпен 2016 жылғы 17 ақпанда болған кездесуде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы жергілікті сайлауды байқауды жүзеге асырмайтынын мәлімдеді. ЕҚЫҰ байқаушыларының қызметі сайлауды байқау жөніндегі нұсқаумен регламенттеледі». Орталық сайлау комиссиясының мүшесі хабардар еткендей, ТМД байқаушылары үшін негіз қалаушы құжат 2004 жылғы 26 нау­рызда Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы ТМД-дан байқаушылар миссиясы туралы ереже болып табылады. ТМД миссиясының құрамына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей одағы жиналысының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының делегация­лары кіре алады. «Ал ШЫҰ байқаушылары өз жұмысында Сыртқы істер министрлерінің 2006 жылғы 15 мамырдағы шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы, сондай-ақ, референдумдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар миссиясы туралы ережені басшылыққа алады, – деді Т.Охлопкова. – ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының жергілікті сайлауды байқауға мандаты жоқ, олар президенттік, парламенттік сайлау­ды және референдумдарды ғана байқауды жүзеге асыруға құқылы». Атап өтейік, 2005 жылы БҰҰ қабылдаған Халықаралық байқаушы тәртібінің кодексі байқаушылардан қорытындылар шығару кезінде байқау дәлдігі мен кәсібилікті қамтамасыз етуді талап етеді. Ұқсас талаптар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау туралы нұсқауларында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушыларының миссиялары туралы ережелер де бар. Миссиялар сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында Ортсайлаукомға аралық есептерін жібере алады. Сайлау науқаны аяқталған соң ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы баспасөз мәслихатында алдын ала тұжырымдар мен қорытындылар туралы мәлімдемесін жария етеді, ал сайлау үдерісі аяқталғаннан кейін шамамен екі айдан соң ол қорытынды есебін жариялайды. ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясы әдетте баспасөз мәслихатында сайлауды бағалау жөнінде қорытынды мәлімдемесін жария етеді. ОСК мүшесі Т.Охлопкова сөзінің соңында байқаушыларды аккредиттеу жайынан да хабардар етті. «Бүгінде Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан 40 байқаушыны және ТМД байқаушылар миссиясынан 12 байқаушыны аккредиттеді, – деді ол. – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында 400-ден астам, ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында 300-ден астам, ШЫҰ миссиясының құрамында 10-нан астам байқаушының келуі күтілуде. Ал Сыртқы істер министрлігі қазіргі кезде шетелдік БАҚ-тың 99 өкілін аккредиттеді. Халықаралық байқау сайлау үдерісі туралы екіжақты білім және ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Берік халықаралық қатынастар мен ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдеседі». Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».