АСТАНА. 24 ақпан. АҚШ-тың Mars кондитерлік компаниясы 4 миллион шоколад кәмпитін сатылымнан алып тастау жұмыстарын бастады. Оған Германияда тұтынушылардың бірі шоколадтан пластикалық дененің бөлігін тауып алуы себеп болып отыр. Бұл туралы euronews.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дүкен сөрелерінен алынатын өнімдердің ішінде «Марс», «Сникерс» және «Милки Вэй» шоколадтары бар. Тәттілердің бұл партиясы Нидерландының Вехель қаласында дайындалған екен. Әлемнің 55 еліне тарап үлгерген кәмпиттерді бүгінде кері қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Назарға іліккен шоколадтардың жарамдылық мерзімі осы жылдың маусым айы мен келесі жылдың қаңтар айына дейін екенін атап өткен жөн.
Әзірге пластиктің кәмпиттің ішіне қалай түскені белгісіз. Бірақ тауып алған тұтынушы оның өте өткір екенін айтып, балалардың жарақат алуы мүмкін екенін де еске салған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: onliner.by.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше