Нияз Сүндетәлиев 5,5 миллион теңгені қайырымдылық қорына аударды
Адамзат баласын сүю үшін адамның он екі мүшесінің сау болуы тіпті де міндетті емес екен. Мұны өзінің мүбәрак ісімен Нияз Сүндетәлиев есімді 26 жастағы қарағандылық жігіт тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
Нияздың өзі осыдан төрт жыл бұрын ауыр жарақат алып, мүгедектер арбасына таңылған болатын. Сол кезде жап-жас жігіттің басына төнген бақытсыз жағдайға шын қынжылған достары мен туыстары түрлі акциялар мен флешмобтар ұйымдастырып, қаржы жинастырған. Ал бүгінгі күні Нияз болса, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қайырымды жандардан келіп түскен сол қомақты қаржы – 5 миллион 584 мың 504 теңгені Аружан Сайынның «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының есеп-шотына аударып жіберді.
– Бұл ақшаның жақын арада өзімді емдеуге қажет еместігіне көзім жетті. Ал оны жамбастың астына құр басып отыру адамгершілікке жатпайтын қылық болар еді. Сондықтан, мен бұл ақшаны дәл бүгінгі күнде емге зәру балаларға көмек ретінде Аружан Сайынның қорына аудару жөнінде шешім қабылдадым.
Жүрегі мейірімге тұнған жас жігіт өзінің ертеңіне сенімді.
– Мені емдейтін дәрігер мен клиника табылған кезде, барлық түйін өз ретімен шешіледі деп ойлаймын. Мен бұған сенімдімін. Ең бастысы, күні ертең өзімнің жүріп кететініме титтей де күмәнім жоқ. Сондықтан, мен ешқашан да ұнжырғамды түсірмеймін, – дейді Нияз.
Бұдан бөлек, Нияз Сүндетәлиев биылғы жылдың 1 қаңтарынан 23 ақпанға дейін жиналған қайырымдылық қаржысын Қарағандыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін орталықтың есеп-шотына аударуға шешім қабылдады.
Бір қызығы, Нияз Аружан Сайынмен телефон арқылы сөйлескенінде өзінің мүгедектер арбасына таңылғаны туралы тіс жармаған екен...
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше