Кеше сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде Қазақстанның Коммунистік халық партиясынан (ҚКХП) үміткерлер тізіміне енгізілгендер Алматыдағы «Ақсай нан» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.
«Ақсай нан» ЖШС – еліміздегі нан өнімдерін шығаратын ең үлкен кәсіпорындардың бірі. Мұндағы жұмысшылар арасынан ҚКХП бағдарламасын қолдаушылар саны басқа кәсіпорындарға қарағанда біршама көп. Партиялық тізімге енгізілген депутаттықтан үміткер коммунистер атынан алғашқы сөзді Магеррам Магеррамов алып, компартияның алдына қойып отырған саяси мақсаттарын, еліміздің экономикасын көтеру жолында қандай ұсыныстар жасайтынын жиналғандарға жеткізді.
Экономиканың нақты секторындағы жоғары өнімділік қана ел экономикасының тұрақты түрде өсуіне негіз бола алады. Қазақстанда оны өсіруге негіз болатын факторлар жеткілікті. Сонымен қатар, халықтық коммунистер қазақстандықтардың әл-ауқатының өскенін де қалайды. Елімізде әділетті қоғам орнап, еңбек адамдарының төккен теріне орай тиісті көлемде еңбекақы төленсе, сонымен қатар, халықтың рухани және мәдени дамуына жағдай жасалса, коммунистер атқарушы өкіметке әрқашан да қолдаушы болары сөзсіз. Біздің еліміздің заңдары, қабылданған нормалар осындай жетістіктерге апаратынына мен сенімдімін, деді шешен.
Келесі кезекте сөз алған партия белсендісі Ирина Смирнова да ҚКХП-ның тізіміне енген үміткерлердің бірі. Ол алдымызда болатын сайлаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Еліміздің ең жоғарғы заң шығарушы өкілетті органында бірнеше партияның өкілдері отырса, бұл демократия қағидаттарының толық орындалғаны деп санау керек. Өткен сайланымда халықтық коммунистерден тізімімен енген жеті депутат өздерін жақсы қырынан таныта білді. Олар еңбек адамының, қарапайым халықтың мүддесін жақтап өздерінің халықшылдығын көрсетті. Алдымызда болатын сайлауда да біздің партиямыз 7 пайыздық табалдырықты еңсеруге тиіс. Жұмысшы табының өкілдері коммунистерге дауыс береді ғой деген сенімдеміз, деді ол.
Іс-шара барысында кәсіпорынның бірнеше жұмысшысы сөйлеп, өздерінің ҚКХП-ға дауыс беретіндерін жеткізді. Кездесу соңынан коммунистер «Ақсай нан» ЖШС-нің еңбек ұжымына табыстар тілеп, биік еңбек өнімділігіне жетулерін тіледі.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.
• 25 Ақпан, 2016
Жоғары еңбек өнімділігі – әділетті қоғамның табысы

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10
Алакөл мен Балқаш туризмі: Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 13:31
Екі облыста тазы тұқымын анықтауға арналған байқау өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:02
Энергетика министрі: Жыл соңына дейін Қашағандағы жаңа зауыттың құрылысы аяқталады
Экономика • Бүгін, 13:01
Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет
Үкімет • Бүгін, 12:38