«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өзінің сайлау науқанындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, кеше «Ауыл» партиясы республикалық қоғамдық штабының мүшелері Көкшетау қаласына барып, сайлаушылармен кездесу өткізді.
«Ауыл» партиясының белсенділері Көкшетау қаласындағы аспаздық-кондитерлік өнім шығаратын «Ленев» жеке кәсіпкерлігінің тыныс-тіршілігімен танысып әрі осы өндіріс орнындағы еңбек ұжымымен салиқалы әңгіме құрды. «Ауыл» партиясының мүшелері кәсіпорын қызметкерлеріне «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, оның негізгі басым бағыттарына тоқталды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті. Біздің партиямыздың да басты мақсаты – халықтың дәстүрлі құндылықтарын дамыту, Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін бекемдей түсіп, «Мәңгілік Елді» нығайту», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.
Одан әрі спикер бірқатар өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғай келіп, ауылшаруашылық өнімдерін несиелеу және субсидиялау шараларын жетілдіру, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдауға арналған, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне сервистік және несиелеу қызметін көрсететін кооперативтерді құруды ынталандыру және басқа да жағдаяттарды атап көрсетті.
Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен субсидия алып, соның арқасында өрісін кеңейте түскен «Ленев» кәсіпорны жоғары сапалы кондитерлік, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл аспаздық-кондитерлік цехтың дайындайтын өнімдері жергілікті халық арасында сұранысқа ие, көпке танымал.
Өндіріс орны басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет бизнесті дамыту бағытында ауқымды шаралар атқарып келеді. Соның арқасында шағын кәсіпкерлер ісінің өрісін кеңейтуге мол мүмкіндіктер туып отыр. Ал кәсіпорын еңбеккерлері: «Біз жергілікті, әсіресе, ауылдық жерлерде бизнестің қарқынды дамығанын қалаймыз. Себебі, бұл аймақ халқын жұмыспен қамтып қана қоймай, нарықтағы отандық өнім көлемін арттырады», – деп есептейді.
Жиын барысында «Ауыл» партиясының өкілдері табыстың көзін таба білген, мемлекет берген мүмкіндікті қалт жібермей пайдаланып, бүгінде нарықтан өз орнын тапқан кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.

Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44