Сарыағаш ауданында жаңа нан цехы іске қосылды. Кәсіпкерлікке кең өріс ашылған бүгінгідей заманда бұл алақан соғып сүйінші сұрайтындай оқиға да емес шығар.
Бір қызық кептің еске түсіп тұрғаны. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сарыағашпен іргелес Келес ауылының азаматы. Тоқаш Бердияровтай ақтаңгер ақын поэзиясының төрінен әрдайым орын берген Келес кезінде бөлек аудан болған. Кеңес өкіметінен әл кеткен кез. Аудан орталығындағы маңдайға басқан жалғыз наубайхана жабылып қалып, табаға нан жабуды ұмытыңқырап қалған жұрт шу көтереді. Ереуілге де ұласып кете жаздаған ба қалай. Әйтеуір, у-шу. Әңгіме партия бюросына дейін жетіп, наубайхананың басшысы сөгіс алып тынады.
Көп кешікпей нарық та жетіп, әр үйдің есігін қағады. Сол кезде еті тірі әйелдер тандырға, табаға нан жауып, Келес ауданының орталығы Абайды қарық қылып тастайды. «Сен же, мен же» – нанның түрі көп. Бағасы да арзан. Сонда Әбіл деген тілінің тікені бар жігіт ағасы «Ойпыр-ай, баяғыда наубайхана жабылып, ел ұлардай шулаған нан жетіспеушілік оқиғасын бүгіндері Абайдың алты қатыны шешіп тастады ғой», депті.
«Нан болса ән де болады». Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Түркістанға барған сапарында қаладағы «Ақжол» серіктестігінің наубайханасында болған. Жүздеген адамға тұрақты жұмыс беріп, жылына 450 млн. теңгенің өнімдерін шығарып отырған цехтың жұмысына ризашылық білдіріп, басқа аудан, қалалардан да филиалын ашуды ұсынған.
Кәсіпкер деген халық уәдеге берік қой. «Ақжол» серіктестігі Сарыағашқа нан зауытын салуға кірісіп кеткен еді. Енді міне, тәулігіне он, елу тоннаға дейін дайын өнім бере бастады.
Нан зауытының басшысы Нәсиба Сабыржанованың қазан аузы жоғары деп отырған жағдайы бар. Елбасымыздың өзі шағын және орта кәсіпке қолдау көрсетіп, жеңіл несиемен жұмыс жасауға жағдай туғызып отыр, дейді ол. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Пармановқа алғысымыз шексіз. Бизнесімізді өркендетуге керек жағдайдың бәрін жасап отыр. «Яссы» деген фирма ашып, оған жергілікті халықты жұмысқа тарттық. Енді аудандағы жиырма бес ауыл округінен филиал ашпақ ойдамыз. Тәтті тоқаш, пісірілген нан өнімдерін ыстығы басылмай сатып алады. Кондитерлік цехтың да құрылысы жүруде. Сонда біз тәттілердің бес жүзден екі мың тоннаға дейін жүздеген түрін шығара аламыз.
Бағасы қолжетімді әрі дәмді нан өнімдеріне көршілес Мақтаарал, Шардара аудандарынан да тапсырыс түсіп жатыр екен.
Үш аудан халқын қосқанда бір миллион адамға жуықтайды. Түркістандық кәсіпкер осының бәрін шотқа салып, табысын есептеп отыр. «Ақжолдың» осылайша наны көтеріліп тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21