Жарықтық Мұхаңнан, қайран Мұқағали Мақатаевтан сөз қалып па еді?! Бір өлеңінде былай деп төгілдірмеуші ме еді: «Бұл қазақта жігіттер бар марқасқа, Жарқылдаған алмастай...». Арқалы ақын өте дұрыс айтқан. Бұл қазақта жарқылдаған алмастай марқасқа жігіттер жеткілікті. Намысты қолдан бермейтін, ісі мен сөзінің арасында айырма жоқ, тіпті, құрғақ сөзден гөрі, іске бейім тұратын, жұмыс десе жанын беретін жігіттер мен ұлдар аз емес. «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол», деп Абай атамыз да тектен-тек айтпаса керек. Міне, елі дәл осындай өршіл өрендерін ғана нағыз ұлым дер. Немесе нағыз ұлдары ғана терең отаншылдық сезіммен, міне, менің елім дер. Міне, менің жерім дер.
Міне, егемен елім, жазира жерім дейтін нағыз ұлдың бірі, Сырым елінің ортан қолдай азаматы, жеке кәсіпкер Бейбіт Тахамбетов десек сірә да қателеспейміз. Оның басты өмірлік ұстанымы – еңбек. Өзінің осы ақ-адал еңбегі арқылы еліне пайдасын тигізу. Бүгінде тапқан пайдасы өзінің қара басынан артылмайтындар аз емес. «Ақсұңқар жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді», дейді халқымыз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз «жемін шашып жейтін» ақсұңқар тектес азамат. Ол еңбек десе, жұмыс десе бәрін де жолға қалдыруға, қонаққа да, тойға да бармауға, тіпті, ұйықтамауға да әзір. Өйткені, уақытты босқа жою Бейбіт үшін қасіретпен тең.
Жалпы, Сырым еліндегі Тахамбетовтер әулеті жапырағы жайылған әулет. Бейбіт – көп балалы отбасында туып-өскен. Әкесі Едірес пен анасы Дәмелі перзенттерінің бәрін еңбек етуге тәрбиелеп өсірді. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмайтынын бала кездерінен ұғындырды. Бүгінде Бейбіт Самара – Шымкент халықаралық автожолы бойындағы автокөлік иелері мен жолаушыларына және өз ауылдастарына көптеген пайдасын тигізіп отырған кәсіп иесі.
Ол аталған халықаралық жол дәлізінің бойынан үлкен қалалардағы үш жұлдызды отельден бір мысқал кем түспейтін қос қабатты қонақ үй құрылысын көтеріп, ойдағыдай аяқтап шықты. Оған «Алашорда» деген атау қойғанды жөн көрді. Біреулер үлкенді-кішілі жеке нысандарына, дүкендері мен кафелеріне әкесі мен атасының немесе руының атын қойып жатады. Ұл-қыздарының есімін де маңдайшаға жазатындар бар. Мен олай жасағым келмеді. Алашорда – елдің тарихы. Оның көсемдері тәуелсіздікті ту етіп көтерді. Батыс Алашорда жетекшілері Жаһанша және Халел Досмұхамбетовтер осы Жымпиты жерінде тұңғыш қазақ құрылтайын өткізді. Бабалар жете алмаған тәуелсіздікке біз жетіп отырмыз. Дегенмен, алашордашылар көтерген тәуелсіздік идеясы қай кезде де баға жетпес саяси құндылық болып қала бермек. Сондықтан да, маңдай термен тұрғызылған қонақ үйдің атауын «Алашорда» деп қойдым. Бұл әрі өзімізді өзгелерге таныта білудің бір жолы, деп толғанады Бейбіт бауырымыз.
Екіншіден, Бейбіт Едіресұлы жылыжайда қияр және қызанақ секілді көкөніс түрін өсіріп, оны ел тұрғындары мен аудан орталығындағы аурухана және балабақша секілді әлеуметтік мекемелерге ыңғайлы әрі қолжетімді бағамен өткізуді көздеп отыр. Сырым елінде жылыжай жасақтаған кәсіп иелері бұған дейін де болған екен. Алайда, олар тиісті технологиялар мен қыс кезінде қажетті ішкі температуралық режімді ұстай алмаған. Осындай олқылықты толтырған Бейбіттің ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы сүйсіндірмей қоймайды.
Үшіншіден, Бейбіт Тахамбетов облыс пен аудан орталығы арасындағы жеңіл жолаушылар көлігі тасымалын үйлестіріп әрі реттеп отырған оператор-менеджер. Ол халқына тигізген шапағаты мен жақсылығын бұлдамайтын қазақтың бір марқасқа ұлы. Жақсы – ісімен жақсы дегендей, елге тигізетін көмегің мол бола берсін дейміз біз оған шын пейілден.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы
Суретте: жеке кәсіпкер
Бейбіт Тахамбетов, жылыжайдың ішкі көрінісі.
Суретті түсірген
Бауыржан ШИРМЕДЕНҰЛЫ.

Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38