Кеше Қарағанды қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында партия мүшелері алдымыздағы 20 наурызда болатын кезектен тыс сайлауға деген дайындық жұмыстарын егжей-тегжейлі айтып берді.
Баспасөз мәслихатына ЖСДП сайлауалды штабының төрағасы Айдар Әлібаев, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Зәуреш Батталова, «Семей» қозғалысының жетекшісі Болатбек Әбдікәрім, «Кенесары хан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Уәлихан Қайсаров, ЖСДП Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Мәкилә Тоқсамбаева және басқа да ЖСДП мүшелері қатысты.
Баспасөз мәслихатында ЖСДП сайлауалды штабының төрағасы, партия төралқасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айдар Әлібаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы сайлауда тұрғындардан жеткілікті көлемде дауыс алуға күш жұмсайтынын айтты.
Қазіргі таңда ЖСДП сайлауға қызу дайындықты бастап кетіпті. Дайындық кезеңінің бірнеше сатысы артта қалған. Мәселен, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауалды науқанының ресми түрдегі қатысушысы атанған, партия атынан сайлауға түсетін үміткерлердің бәрі тіркеуден өткен. Олардың саны – 23. Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірлерге партияның үгіт-насихат материалдары, үнпарақтар мен плакаттар, партияның сайлауалды бағдарламасы таратылған. Сонымен қатар, партия басшылығы мен кандидаттар еліміздің түкпір-түкпіріндегі сайлаушылармен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр екен.
«ЖСДП өзінің көп жыл бойы ұсынып келе жатқан аса қажетті өзгерістер жоспарын жүзеге асыруды мақсат етіп, Қазақстанды экономикалық жағынан пәрменді, табысты, әлеуметшіл, жауапкершілігі жоғары, еркін, тұрақтылығы мығым, тәуелсіздігі орнықты мемлекет ету үшін Парламент Мәжілісі сайлауына қатысады. Сондай-ақ, өзіміздің бүкіл тәжірибемізді халықаралық социал-демократия идеясының үздік жетістіктерін біріктіре отырып жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін жүзеге асыруды мақсат етеміз. Қазақстандағы және шетелдердегі меншікті «көлеңкеден» шығарып, оның иелерінің қатаң есеп беруін белгілеу қажет», – деп мәлімдеді баспасөз мәслихатына қатысқан социал-демократтар.
Баспасөз мәслихаты барысында ЖСДП мүшелері республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы сайлауда өздерінің белгілі бір табысқа қол жеткізетіндіктеріне сенімді екендіктерін тілге тиек етті.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03