«Ұлттық музейге сый тарту» акциясына орай ұйымдастырылған жәдігерлерді қабылдау рәсімі ерекше сипатта өтті.
Ұлттық музейдегі жиында сөз сөйлеген Ұлттық музей директорының орынбасары Жәкен Таймағамбетов «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы құнды жәдігерлерді жоғалып кетуден сақтап қалу үшін және оларды бір орында топтастыру мақсатында жүріп жатқанын айта келіп: «Осыдан бір жылдай уақыт бұрын дәл осы жерде бұл акция алғаш рет жүзеге асырылған болатын. Осы аралықта акция Астана, Алматы және Қызылорда қаласында үш дүркін өтіп, нәтижесінде музей қорына түскен 1305 жәдігерден желтоқсан айында «Ұлттық музейге сый» көрмесі ұйымдастырылды. Сол алғашқы жоба барысында қоғам және саясат қайраткері Ерлан Қарин жебенің оқтарын, Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Билер сотының лауазымдық белгісі сынды тарихи жәдігерлерді салтанатты жағдайда тапсырған еді. Сонымен қатар, кез келген қазақ есімдерін мақтанышпен айтатын Шәмші Қалдаяқов, Кенен Әзірбаев, Қадыр Мырза Әлі, Жақсылық Үшкемпіров сияқты, мұнан да басқа белгілі тұлғалардың пайдаланған бұйымдарын, еңбектерін енді музей экспозициясынан көруге болады», – деді Ж.Таймағамбетов.
Бұл жолғы қабылданған жәдігерлердің арасында Әбіш Кекілбаев, Роза Бағланова, Зейнолла Алшынбаев, Мәдина Ералиева, Александр Винокуров қатарлы даңқты тұлғалардың және тағы да басқа танымал адамдардың жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты заттар бар.
Р.Бағланованың келіні Марал Бағланова: «Біз анамыздың 1960 жылдардың аяқ шенінде тігілген сахналық көйлегін, қолына ұстаған орамалын және сахналық аяқ киімін бүгін музейге табыстап жатырмыз. Бұл киімдердің барлығын әншінің жеке тігіншісі тіккен болатын. Сонымен қатар, өзіміздің суретші салған апамыздың портреті, шағын картиналары бар. Ұлт тарихына қатысты жәдігерлерді жинап жатқан Ұлттық музейге алғысымыз шексіз» деп ризашылығын білдірсе, М.Ералиеваның ұлы Арсен Ералиев: «1997 жылы дайындалған анамның сахналық киіміне, тұтынған заттарына қоса, біз үшін ең құнды жәдігер – анамның ұстаған баянын Ұлттық музейге сыйға тарттық. Ол кісінің 1970 жылдан бастап 1995 жылдарға дейін баянмен қосылып ән салғанын білмейтін жан некен-саяқ. Талай гастрольдік сапарларда осы музыкалық аспапты арқалап жүрген болатын. Сондықтан да бұл дүниенің халқымыз үшін де, біз үшін де орны ерекше деп ойлаймыз» деді.
Сонымен қатар, Қазақстан көркемөнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық нақышпен өрнектелген шығармалары аңыз бен ертегілер әлемін елестететін Тілеужан Батанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, символист-суретші, монументалист, «Қазақ Елі» монументінің авторы, мүсінші Сембіғали Смағұлов, Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Көркемөнер академиясының толық мүшесі, кескіндемеші, суретші-монументші, портретші Ерлан Сахипұлы қатарлы суретші, мүсіншілер де өз туындыларын музейге тарту ретінде сыйлады.
«Егемен-ақпарат».

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жаңа Конституция: Ақмола облысының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56