АТЫРАУ. 29 ақпан. Атырау қалалық №2 соты саунаны пайдаланғаны үшін қызмет ақысын төлемей бүлік шығарып, кейін мас күйінде автокөлікпен адамды басқан азаматты қамауға алды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Тергеу дерегіне сәйкес, бүлік шығарушы өзінің туысымен бірге Атырау қаласындағы сауналардың біріне келген. Шығар кезде ол саунаның қызметі үшін ақы төлеуден бас тартады. Қызметкерлердің сөздеріне құлақ аспай, ашуланып, балағаттайды. Ақша төлеудің орнына мас жүргізуші өз көлігіне отырып, артқа шегінген кезде өз туысын басып кеткен. Содан соң, ашуға ерік берген «қонақ» сауна қызметкерлерін көлікпен қуады. Шатақ шығарушы олардың бірін қағып, оны көлікпен 10-15 метр жерге сүйрейді. Бірнеше рет жәбірленушінің үстінен тапап өткен. Артынша оқиға болған жерден бой тасалайды. Нәтижесінде жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының әсерінен ауруханада көз жұмған», – деп хабарлады Атырау сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, қазіргі уақытта бүлік шығарушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотпен екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берілді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: aif.ru.
• 29 Ақпан, 2016
Атырауда көлікпен адам басқан азамат қамауға алынды

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48