ТАРАЗ. 29 ақпан. Орталық коммуникация қызметінің Жамбыл облысы өңірлік филиалында Жамбыл облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Айман Кәрібекованың қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыста аталған комиссияның ықпалымен тұрмысы төмен және көп балалы аналарға мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналастыру, жалғыз басты және ауру зейнеткерлерді үйлерінде күту, әлеуметтік жәрдем көрсету орталықтарын құруға ықпал ету және халық арасында дәрігерлік көмек көрсету мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.
«Жамбыл облысының саясаткер әйелдері клубымен «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» жазғы мектебі ұйымдастырылды. Аталмыш мектеп жұмысына Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарынан 30 әйел қатысты. «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» жазғы мектебінің негізгі мақсаты: мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа одан әрі жоғарылату үшін жақсы дайындалған әйелдерден кадрлық резервті қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін дағдыландыру, нәтижелі коммуникациялар мен бәсекеге қабілеттілік әдеттерін қалыптастыру, тұрғындарды кең көлемде гендерлік ағартуға белсенді қатысу, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерін шешу бойынша пікірлер, жобалар және бастамалар банкін құру, биліктің жергілікті органдарына болашақ үміткерлерге теориялық және тәжірибелік көмек көрсету, әйел көшбасшылардың озық тәжірибесін насихаттау», – деді Айман Өмірзаққызы.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, мұндай қылмыстардың алдын-алу, құқықтық көмек беру жұмыстары жетілдіріліп келеді. Өмірдің қиын және дағдарыс жағдайларына түскендерге уақытша паналауға жағдай жасау үшін «Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына» 2015 жылдың 12 айы ішінде 89 әйел орналастырылған.
Одан бөлек, былтыр шілде айынан бері Тараз қаласында ашылып жұмыс істейтін «Ана үйіне» 34 әйел орналастырылған. Бұл әлеуметтік жобаның басты мақсаты – шарана жетімдер үйіне түспеуі үшін баласынан бас тартпақ болған қыз-келіншектерді райынан қайтарып, олардың аяғынан тұрып кетуіне қолдау көрсету жұмыстарын жүргізу. Тұрмыстық қатынаста және өмірдің қиын жағдайына түскен нәрестелі қыз келіншектер, жүкті әйелдер және сәбилі аналарға осы «Ана үйі» пана болуда, аяқтанғанша көмек көрсетуде, содай-ақ, мұнда еңбек биржасы арқылы жұмыс табуға көмек көрсетіледі және балалары бір жарым жасқа толғанша осы «Ана үйінде» тұруға мүмкіншілік берілуде.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 29 Ақпан, 2016
Былтыр Жамбыл облысындағы дағдарыс орталығына 89 әйел түсті

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48