Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
А.Мамин Елбасына «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жылғы қызметінің нәтижелері мен биылғы жоспарлары, сондай-ақ, ұлттық компания операторлық ететін «Нұрлы Жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кешенін дамытудың, экономиканы әртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты.
Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірістерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына назар аударды.
А.Мамин автомобиль және теміржол магистральдарын қайта жөндеу, Каспийдегі порт инфрақұрылымын жаңғырту, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын айтты.
«Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі пайдалануға берілгенін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік-логистика орталығы жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің, «Алматы-1 – Шу» теміржол учаскесінде екінші бағыттың құрылысын аяқтау, ал ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында елорда әуежайының халықаралық терминалы мен жаңа теміржол вокзалының құрылысын бітіру жоспарланып отыр.
А.Мамин, сондай-ақ, компания қызметті жетілдіру және шығыстарды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 миллиард теңге болғанын айтты.
Компанияның жаңа өкілеттіктерді дамыту және контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағытындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28%-ға жеткізуге мүмкіндік берген.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11