«Бірлік» партиясының мүшелері мен партияның жастар қанаты Астанадағы Республикалық ғылыми-техникалық кітапханада технология және бизнес колледжінің студенттерімен кездесті.
Кітапхана ісінің бүгінгі жағдайы мен даму перспективасы және кітап қорының үнемі жаңарып отыруы төңірегіндегі пікір алмасулар «Бірлік» партиясы шарасының негізгі арқауы болды. Баспа өнімдеріне деген оқырманның қызығушылығын оятуға бағытталған акциялар мен түрлі шараларды ұйымдастыра отырып, қоғам өміріндегі кітаптың рөлін нығайтудың маңызы жөніндегі ойлар ортаға салынды.
Партия өкілдері кітаптың тұлғаны қалыптастырудағы орны туралы өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында бүгінгі акцияға жеке кітапханаларынан өздерінің бірнеше сүйікті кітаптарын ала келіпті. Сонымен қатар, кітап оқуды кең насихаттауға арналған ұсыныстарын да жария қылды.
«Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Болат Байқадамов пен партия мүшесі Мұрат Раевтың пікірінше, қандай керемет дамыған заман болса да адамзат мәдениетінде кітаптың маңызы еш кемімейді. Кітап оқу рухани-мәдени кемелдікке жеткізетіндіктен, қазіргі жастар өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Кездесу соңында «Бірлік» партиясының жастар қанаты кітапхананың алдында «Кітап – білім бұлағы», «Брось мышку – возьми книжку» атты флеш-моб өткізді. Олар оқырмандар мен қала тұрғындарын партияның осы бастамасын қолдауға шақыратын үнпарақтар таратты.
«Бірлік» партиясының атынан Парламент Мәжілісіне үміткерлердің пікірінше, азаматтардың кітап оқу мәдениетін көтеру партия жұмысының бір бағыты болуы тиіс. Сондықтан, олар болашақта осы тақырыпты кеңірек қаузау үшін тағы да бірнеше іс-шара ұйымдастыруды көздеп отыр екен.
Ал жексенбі күні «Бірлік» партиясының өкілдері Астанадағы қарттар мен мүгедектер үйінің ұжымымен кездесті. Аталған партиядан Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар осы кездесу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ұлттық дәстүрлер мен адами құндылықтарға байланысты аға ұрпақтың ойындағы көптеген түйткілдерді қозғады.
Қилы тағдырдың тәлкегімен қарттар үйіне күні қараған қариялардың өмірге деген құлшынысы ерекше. Өкініштісі, мемлекет тарапынан оларға барлық жағдай жасалғанымен, ағайын-туыстары мен жақын-жұрағаттарының ілтипаты мен құрметіне зәру. Сондықтан, «Бірлік» партиясының қоғамдағы мәдени-рухани құндылықтарды түлетіп, әр қоғам мүшесіне ізгі ниет білдіріп, жан жылулығын сыйлауды насихаттауы қарттардың көңіл-күйін ерекше көтерді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Астана.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10