Кеше Парламент Сенаты еліміздің басты заң шығару органы депутаттарының республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігін республикалық референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастыратын Президенттің ҚР Конституциясына республикалық референдум мәселесі бойынша өзгеріс енгізу жөнінде референдум тағайындау туралы ұсынысын қолдайтын қаулы қабылдады. Қаулы арқылы сондай-ақ Парламенттің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа және Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістерге Үндеу мәтіні мақұлданды.
Үндеуде, атап айтқанда, былай делінеді: «Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Конституциясы 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы және оны құрушы ретінде Сізге, Қазақстанды орнату және нығайту ісіне өлшеусіз үлес қосушыға, біздің Отанымызды прогресс пен өркендеу жолымен сенімді алып келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Ұлт Көшбасшысына референдумға мынадай мәселе шығару арқылы: «Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгерістер енгізу туралы Заң қабылдайсыз ба?» деген республикалық референдум тағайындау туралы бастамамен шығып отыр.
Біздер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстанның барлық халқы секілді біздің еліміздің табысты болашағын тек Сізбен және Сіздің есіміңізбен байланыстырады, делінген құжатта.