01 Наурыз, 2016

Көңіл айту жеделхатын жолдады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Прези­денті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында орын алған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді.