07 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынысын қабылдамау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қа­зақстан Республикасы Парламентінің бастама­шы­лы­ғымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды  республикалық референдумға шығару туралы Қазақ­стан Республикасы Парламентінің ұсынысы қ­абылданбасын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.  № 1134