Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызына мінген қадірлі қонақтарға Аққайың ауданының жұртшылығы гүл шоқтарын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Теміржол вокзалында этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар өкілдерінің қатысуымен өткен митингіні аудан әкімі Дәурен Байтөлешов ашып, «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы аясында Тәуелсіздігіміздің қол жетпес құндылықтарын насихаттап, медициналық, құқықтық, тағы басқа қызметтер көрсетуді басты мақсат еткен акцияға қатысушыларды қасиетті Қызылжар жеріне келулерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Айтулы шараға қатысушыларды бастап келген топ жетекшісі Әміржан Әлпейісов өзге аймақтар секілді жүзден астам ұлт өкілдері мекендейтін Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының құшақ жая қарсы алғандары үшін ризашылығын білдіріп, акцияның өскелең ұрпақ үшін мән-маңызын атап көрсетті. Ол өз сөзінде Қазақстан ширек ғасырға жуық уақыт бедерінде азат елге айналып қана қоймай, экономикалық даму тұрғысынан да алда келе жатқанын, үлгі алар тағылымдар мен үрдістер мол екенін жеткізді.
Салтанатты шарадан соң Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері аудандық кітапхана мен халыққа қызмет көрсету орталығында кездесулер ұйымдастырып, қоғамдық қабылдау жүргізді. Өтініш-тілектер айта келген көпшіліктің арыздарын мұқият тыңдап, шешілуіне ықпал жасады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер департаментінің сарапшысы Арнұр Дәрібаев, «Қазагроөнім» АҚ аппарат басшысының атқарушы директоры Мұрат Ергешбаев құқықтық жағынан түсініктемелер берсе, дәрігерлер орталықтандырылған емханада келушілерді қабылдап, медициналық көмек көрсетті. Осы күні ақ халатты абзал жандарға алты жүзге жуық адам тегін тексерулерден өтті. Олардың қатарында Ғалия Сүйіндікова, Ыбырай Құсайынов секілді тұрғындар болып, ақ алғыстарын жаудырды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың бірі Владимир Ковалев ауылдық жерде кәсібін өркендетуге мүмкіндік беріп отырған жобаларға қуанышты екенін білдірді.
Түстен кейін «Мәңгілік Ел» әлеуметтік акциясы шеңберінде Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері брифинг ұйымдастырып, Жолдау талаптарын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мақсаттарын түсіндіріп, «Мәңгілік Ел» идеясы басты тақырып арқауына айналды.
Жастардың бас болуымен өткен флеш-мобта, «Менің елім–Мәңгілік Ел» кітап көрмесінде жұртшылық Тәуелсіздік құндылықтарын жан-жақты сипаттайтын дүниелермен танысты. Облыс көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суреттерді түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11