07 Қаңтар, 2011

Премьер-Министрден жеткен сыйлық

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы отбасы Руслан Ома­ровтың қызы Еркеназ жақында ерекше қуанышқа кенелді. Қор­жын-қосқолаңын арқалап келген Аяз Ата жеті жасар қызға көптен бергі арманы – компьютер тарту етті. Мәселе былай болыпты. Ту­ған-туыстарына қонаққа барған Еркеназ әлгі отбасындағы компьютерге қатты қызығады. Ба­ла­мысың деген, содан кейін компьютер қыздың арманына ай­налады. Әкесі қарапайым жұмысшы, анасы жұмыссыз, оның үстіне колледжде оқып жүр. Ал от­ба­сында Еркеназдан басқа тағы үйелмелі-сүйелмелі төрт ұл-қыз бар. Оның кішкентайы Айнұр бір жасқа енді ғана толмақ. Демек, Омаровтар отбасы үшін Ер­кеназға компьютер сатып әперу күрделі мәселенің бірінен саналады. Міне, осы бір қиын тұста Еркеназдың анасы Хамида Беласарова «Премьер-Министр Кәрім Мәсімов те бала болған ғой, қызымның арманы жөнінде айтсам, дұрыс көрер» деген оймен хат жазып жібереді. Әрі қарай бәрі түсінікті. Жаңа жыл, Аяз Ата және Еркеназ күткен компьютер. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.