Шығысқазақстандық кеншілер әлемдегі ең үлкен жүк көлігі «БелАЗ» машинасын қолдан құрастырып шықты. Ауыр жүк көлігі өңірдегі Бақыршық тау-кен байыту кәсіпорнына қарасты кен орындарының бірінде пайдаланылады.
Өскеменге аталған ауыр жүк көлігінің бөлшектері төрт теміржол платформасы арқылы жеткізілді. Оны құрастырудың өзі екі жарым аптаға созылды. Әрине, автозауыттарға бұл үйреншікті жұмыс болса, кеншілер үшін түп-тамырымен жаңа іс. Қараған жанға бүкіл жұмыс үдерісі ЛЕГО құрастырмасын еске салады. Алайда, бұл ойыншық емес, атан түйеге жүк боларлық ауыр бөлшектер ғой! Мәселен, дөңгелектің диаметрі 3 метрден асса, кейбір автобөлшектер 10 тоннадан да артық салмаққа ие. Көлемі зәулім үйдей жүк көлігінің өзі 135 тоннаға тең.
– Бір жүк көлігін құрастыруға орта есеппен 2,5 апта жұмсалса, 10 шақты күнде қораптағы дәнекерлер жұмыстары аяқталып, 3 аптадан кейін толығымен дайын болады. Көлікті 100 сағаттық жүргізіп тексеруден кейін пайдалана беруге болады, – дейді тау-кен байыту кәсіпорнының бас директоры Юрий Овчинников.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05