02 Наурыз, 2016

Жыл қорытындысы шығарылды

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2015 жыл­дың қорытындысын шы­ғарды. 2016 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша зей­нетақы жинақтарының жалпы сомасы 5,83 трлн. теңге болды. 2015 жылдың 12 айында түскен міндетті зей­нет­ақы жарналарының сомасы – 657,6 млрд. теңге. 2015 жылы БЖЗҚ ал­ған және салымшылар (алу­шы­лар) ЖЗШ-ына бөл­ген инвестициялық та­быс – 761,40 млрд. теңге. Осы­лайша, 2015 жыл­ғы БЖЗҚ зей­нетақы активтерінің табыс­тылығы 13,6% құн­сыздану деңгейінде 15,65%-ды құрады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары – 10 116 751 бірлік. Міндетті кә­сіптік зейнетақы жарналары бойынша 390 993 адам, ерікті зейнетақы жарналары бойынша 40 060 шарт жасалды. Жүзеге асырылған зей­нетақы төлемдері мен ауда­рымдарының сомасы 141,12 млрд. теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйым­дарына аударымдар сомасы – 24,23 млрд. теңге. 2015 жылы БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтары арқылы 6,6 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, салымшыларға (алу­шыларға) көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы бойынша орташа күту уа­қытын 5.58 минутқа дейін қысқарту жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, 2015 жылы «БЖЗҚ мобильдік кеңсесі» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Қор мамандары мүмкіндігі шектеулі адам­дарға өздері барады. Бұл бағ­­дарламаны іске асыру барысында Қор кеңселеріне өздері келе алмайтын 11 900-ден астам адамға қажет қызмет көрсетілді. «Қазақстан Республи­ка­сында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын орын­дау аясында 7 059 300 адамға жеке зейнетақы шо­тының жай-күйі туралы міндетті түрде хабар берілді. Көрсетілетін қызмет­тер­ді жақсарту мен ауқымын кеңейту бөлігіндегі 2015 жыл­­дың елеулі оқиғала­ры­ның бірі – зейнетақы жи­­нақтарының жай-күйі туралы ақпаратты e-gov «Элек­тронды үкімет» порталы арқылы алу. «Электронды үкі­мет» порталы арқылы қыз­мет іске қосылған сәттен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың (алу­шылардың) жеке зей­нетақы шоттарынан 125 мың үзінді көшірме берілді, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.