02 Наурыз, 2016

Қарағанды облысында зергерлік кәсіпорын ашылды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-2016 zergerҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Қарағанды облысында зергерлік бұйымдар жасап шығаратын кәсіпорын ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорын мемлекеттік қолдаудың арқасында ашылған. Қазіргі уақытта 30 адам еңбек етіп жатыр. Компанияның өндірістік цехы бір айдың ішінде бір жарым мың зергерлік бұйымдарды шығарады. Дайын өнім еліміздегі зергерлік салондар арқылы сатылмақшы. Өндірушілер Ұлттық банктен сатып алған жергілікті бағалы металдармен ғана жұмыс істейді. «Әрине, қазір жағдайымыз соншалықты керемет емес, алайда, бәрін де еңсеруге болады. Ең бастысы, бәсекеге қабілетті болудың қандай тетіктері барын жақсы білеміз. Соған арқа сүйеп, өзіміздің өнімімізді жақсы қырынан танытатын боламыз», – дейді кәсіпорынның директоры Андрей Борзилов. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.