02 Наурыз, 2016

Қарағанды облысына «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің аппараты қонды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-2016 kosmosҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Қарағанды облысындағы Жезқазған қаласынан 147 шақырым жерге «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің аппараты аман-есен қонды. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құрамы ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Михаил Корниенко және америкалық астронавт Скотт Келлиден тұратын экипаж ғарышта жылдық миссияны орындап қайты. Ғарышкерлерді орталық әскери округының әскери және көлік авиациясы қарсы алды. Іздестіру-құтқару шараларына 200 әскери қызметкер, бортында арнайы құрал-жабдығы бар 12 Ми-8 тікұшағы, АН-12, АН-26 маркалы төрт ұшақ және жол талғамайтын 18 бірлік автотехника жұмылдырылды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: «РИА Новости».