03 Наурыз, 2016

«Бірліктің» Бурабайдағы басқосуы

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
WP_20160301_10_12_36_ProҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «Бірлік» партиясынан ұсынылған үміткер Марат Қожамқұлов бұрнағы күні Бурабай ауданындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің ұжымымен кездесті. Кездесуді партияның облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Бекайдар Молдахметов ашып, жи­налысқа 45 адамның қатысып отыр­ғанын хабарлады. Сондай-ақ, ол депу­таттықтан үміткерді жиналған қауым­ға таныстырып, оның өмірбаяны мен қо­ғамдық қызметінен ауқымды мәлімет берді. «Бірлік» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Марат Қожамқұлов өз сөзін жиналған қауымды елімізде тұңғыш рет атап өткен, сөйтіп, елімізде аталатын мемлекеттік мерекелер қатарынан лайықты орнын алып, дәстүрге айналғалы тұрған «Алғыс күнімен» құттықтаудан бастады. Одан әрі партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжей жауап қайтарды. Кездесу мінберіне көтерілген Ермұхан Хамзин, Борис Курган және кәсіпорынның басқа да қызметкерлері партияның сайлауалды бағдарламасын қолдайтындығын айтты. Сондай-ақ, олар Мәжіліс депутаттығынан үміткердің назарын өңірдің экологиялық проблемаларына аударды. Атап айтқанда, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру полигоны құрылысын салу, Щучье-Бурабай курортты аймағының инфрақұрылымын дамыту, көлдерді тазарту шараларын қабылдау, тағы басқа өзекті мәселелер күн тәртібінен түспеуі тиіс. Залдан қойылған сұрақтар да болды. Соның бірі тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуде партияның қандай шаралар қолданатындығына сайды. Бұған Марат Қожамқұлов «Бірлік» партиясының бағдарламасында азық-түлік проблемасын шешу мақсатында ауыл шаруашылығын қуаттандыру, тұтыну себетінің құнын қайта қарау, зейнетақы реформасын жетілдіру сияқты көптеген мәселелер қарастырылғанымен жауап берді. Емен-жарқын пікір алмасу жағ­дайында өткен кездесуден кейін, депу­таттыққа кандидат пен партия белсен­ділері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің өндірістік буын­дарындағы жұмыстармен танысып, Қазақ­стан Республикасындағы туризм мен спортты дамытуды насихаттауға арнал­ған бейнеролик дайындады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Бурабай ауданы.