03 Наурыз, 2016

Елбасы қабылдады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-03-09Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Locus Solutions компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы, Ganeden Biotech атқарушы директоры Эндрю Лефковитцті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге Locus Solutions Директорлар кеңесінің мүшесі Джон Риа және Locus Solutions аға вице-президенті Кеннет Әлібек те қатысты. Әңгіме барысында компанияның Қазақстандағы қызметі және компания әзірлеген, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ саласында өнімділікті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.