03 Наурыз, 2016

Құмар ойынның қырманын қыздырған

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
покерпәтер Астанадағы элиталық үйден шықты Астанада астыртын жұмыс істеп тұрған казино әшкере болды. Заңсыз негізде құрылған ойынхана ел байтағындағы элиталық саналатын көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінен табылды. Онда картаның покер деп аталатын ойын түрінің әуесқойлары жиналып, құмар ойынның қырманын қыздырып келген екен. Көлеңкелі кәсіп иесі бұл үшін пәтерді жалға алып қойған. Оған белгілі бір клиенттер келіп тұрған. Ал арнайы жасақ сарбаздары жалдамалы пәтерге күтпеген жерден кіріп келгенде өз көздеріне өздері сенбеді. Себебі, бұл кезде покер клубында ойын өзінің шарықтау шегіне шығып тұр еді. Тексерушілер осылайша құмар ойынға құныққандардың дәл үстінен түсті. Тіпті, заңсыз бизнес иесі де осында жүр екен. Жедел уәкілдер сол бойда ойынпаздардан фишкалар мен ірі сомадағы ақшаларды, ойын карталары мен ұялы телефондарды тәркілеп алды. Карта ойынының ордасына айналған бұл 3 бөлмелі пәтер Есілдің сол жағалауындағы эли­талық үйдің біріне орналасқан. Оны жалдаған азамат мұнда тек сенімді адамдарды ғана кіргізіп отырған. Айыбы толық дәлелденген ол мұнда келушілермен бірге ірі көлемде айыппұл төлейді. Мұрат АЙТҚОЖА.