03 Наурыз, 2016

Бидай қалдықсыз өңделеді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
BAR_6830«Богатырский продукт Север» ЖШС өзінің сапалы өнімдерімен елімізбен қоса шетелдерге де жақсы танымал. Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан елдерімен тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатудың арқасында экспорттық үлес арта түскен. Қазір мұнда ұнның жеті түрі «Тамерлан» сауда белгісімен шығарылады. Осылайша қазақстандық мазмұнның молығуына үлкен үлес қосып келеді. Жуырда мұнда бидайды қалдықсыз өңдейтін диірмен кешені «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылып, іске қосылды. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығында пайдалануға берілген 17-ші жоба бойынша 70 адам жұмысқа қабылданды. Серіктестік жетекшісі Анатолий Лукашовтың айтуынша, бағдарлама құны жарты миллиард теңгені құрайды. Осы заманғы құрал-жабдықтар Түркиядан жеткізіліпті. Макарон, қамыр кеспесі, кебек, жарма секілді өнімдер тереңдетіліп өңделіп, сауда сөрелеріне жол тартатын болады. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы. Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.