03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №129

328 рет
көрсетілді
30 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 ақпан, Астана қаласы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Түсімдердің атқарылуы кезінде және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру кезінде бюджеттік мониторинг міндеттері: түсімдердің атқарылуын талдау; жоспарлы тағайындауларды және төленген міндеттемелерді (кассалық шығыстар) салыстыру жолымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын игеруін талдау; төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі – төлемдер бойынша жоспар) сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеу және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жоспар) сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептерін анықтау болып табылады.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады. Бюджет қаражатын игермеуге: төмен тұрған бюджеттер жергілікті атқарушы органдарының жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игермеу сомасы; республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің, бюджеттік кредиттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомасын қайтару; мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне сәйкес нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасын қайтару; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қаражат қалдықтары жатпайды. Жүргізілген бюджеттік мониторинг негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде осы Нұсқауға 7-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша жоспардың уақтылы орындалмауы туралы ескерту ақпаратты жібереді.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға «Бюджеттің атқарылуы туралы мерзімді есептілікті қалыптастыру» кіші жүйесінің БПМ бағдарламасында қалыптастырылған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есептіден кейінгі 10-ы күнінен кешіктірмей облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады. Төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау және міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбау себептері объективті және субъективті себептерге ажыратылады.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептерге мыналар жатады: мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу; еңбекақы төлеу қоры (бұдан әрі – ЕТҚ) бойынша үнемдеу (бос лауазымдардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдер, банк қызметтеріне ақы төлеу есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу); ол бойынша Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық; өзге объективті себептер (бағамдық айырма, форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар), бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы, бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесінің өзгеруі, іссапарлар кестесінің өзгеруі, жол жүру, іс-шаралар өткізу мерзімінің ауысуына байланысты өзге ағымдағы шығындар бойынша іс-шаралар жоспарының өзгеруі, сотта мемлекеттің мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарын жүргізу, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қаражатының жеткiлiксiздiгiне байланысты бюджеттен қаражат жеткiлiксiз қаржыландырылған жағдайда).»; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Субъективті себептерге мыналар жатқызылады: мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу (өткізбеу), конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін ауыстыру, шарттар жасаспау, шарттарды жасасу және оларды казынашылық органдарында тіркеу рәсімдерін ұзақ жүргізу), қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі, төлем құжаттарын ұзақ келісу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық және сандық көрсеткіштер, қажетті бюджеттік рәсімдерді уақтылы жүргізбеу, жылдық жоспарларды негізсіз айлар бойынша бөлу, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау, жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізбеу, әкімшінің төлемдерді жүргізу бойынша құжаттарды дұрыс ресімдемеуі); орындалмаған шарттық міндеттемелер (өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, өнім берушілердің тауарларды жеткізбеуі (уақтылы, жиынтықтап жеткiзбеуі), жұмыстарды жүргізу (қызметтерді көрсету) кестесінен артта қалу, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, нарықты талдауды уақтылы бермеуі,); өзге субъективті себептер.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Осы Нұсқаудың 8-қосымшасында көрсетілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп ББМ бағдарламасын қолдана отырып жасалады және былайша толтырылады: 1) 1-12, 14, 15-бағандарды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері толтырмайды (осы бағандардың мазмұны ББМ-тен автоматты түрде алынатын болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады; 2) 13-бағанда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылу әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейінгі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетеді; 3) 16-бағанда 17-20-бағандарда қалыптасқан жалпы сома көрсетіледі; 4) 17– 20-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 26-тармағында жазылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан соманы көрсетеді; 5) 21-бағанда 22-25-бағандарда қалыптасқан жалпы сома көрсетіледі; 6) 22 – 25-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Нұсқаудың 27-тармағында жазылған субъективті себептер бойынша қалыптасқан жалпы соманы жеке көрсетеді; 7) 26, 27-бағандарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ай сайын төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жоспарының орындалмау және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау немесе қабылданбау себептерін көрсетеді.»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Осы Нұсқаудың 12-қосымшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп пен осы Нұсқаудың 13-қосымшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалы есеп «Нысаналы трансферттерді қалыптастыру» модулінде ББМ бағдарламасын пайдалана отырып жасалады. 10, 11, 12 және 13-қосымшалар былайша толтырылады: 1) 1-7-бағандар толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны ББМ-тен автоматты түрде берілетін болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады; 2) 8-бағанда - республикалық бюджеттен есепті кезеңге бөлінген сома, 9-бағанда - есепті кезеңге жергілікті бюджеттердің төлемдері бойынша жоспар, 10-бағанда - қазынашылық органдарында қабылданған міндеттемелер, 11-бағанда – төленген міндеттемелердің сомасы, 12-бағанда – төленбеген міндеттемелердің сомасы, 13-бағанда – 9 айдың қорытындыларынан бастап және қаржы жылының аяғына дейін бір жылдық қаржыландыру жоспарын атқарудың күтілетін сомасы, 14-бағанда - республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген соманың атқарылу пайызы көрсетіледі; 3) 15-бағанда республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген соманың атқарылмау сомасы көрсетіледі; 4) 16-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан атқарылмау сомасы көрсетіледі; 5) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан қаражатты үнемдеу сомасы көрсетіледі; 6) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі; 7) 19-бағанда Нұсқаудың 26-тармағында жазылған өзге объективті себептер көрсетіледі; 8) 20-бағанда 21-24-бағандарда қалыптасқан жалпы сома көрсетіледі; 9) 21–24-бағандарда Нұсқаудың 27-тармағында жазылған субъективті себептер бойынша қалыптасқан жалпы сома жеке көрсетіледі; 6) 25-бағанда республикалық бюджеттен есепті кезеңде бөлінген соманың атқарылмау себептері егжей-тегжейлі сипатталады.»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Осы Нұсқауға 14-қосымшада көрсетілген өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп былайша толтырылады: «Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджетттік сыныптамаға сәйкес бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң толық атауы және оның коды көрсетіледі; «Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы» деген жолда бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды және атауы көрсетіледі; «Бюджеттiк бағдарламаның түрi» деген жолда «мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай», «мазмұнына қарай», «iске асыру тәсiлiне қарай» «ағымдағы/даму» деген жолдар бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаның деректері көрсетіледі; 1-кестеде: «Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар» деген бағанда бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерін шешуге бағытталған негiзгi iс-шаралар (іс-қимылдар) көрсетiледi; «Жоспарланған iс-шараларға қол жеткізе алмау себептері» деген бағанда орындалмаған (түгел орындалмаған) іс-шаралар, олардың орындалмау (түгел орындалмау) себептері көрсетіледі; 2-кестеде: «Тікелей нәтиже көрсеткіші» деген жолда қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын ұйым­ның қызметіне немесе көрсететін қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде орын­далатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетің қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі; «Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда халықтың өмір сүру деңгейi мен сапасының нысаналы жай-күйінің (жай-күйінің өзгеруi), әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметімен белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының (аяларының) көрсеткiштерi келтiрiледi; «Сапа көрсеткiштерi» деген жолда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң оны алушылардың үмiттенулерiне және мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына сәйкестігі дәрежесін көрсететiн көрсеткiштер көрсетіледі; «Тиiмдiлiк көрсеткiштерi» деген жолда бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу дәрежесін немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi; «Бюджет қаражатының көлемi» деген жолда осы бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының көлемi мың теңгемен көрсетiледi.»; 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 14-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 46, 50, 51, 52, 53, 54, 55 және 72-абзацтарын қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Б.СҰЛТАНОВ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 1-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 8-қосымша нысан 200___ жылғы ________________ жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Бюджеттiң түрi Есептi кезең Өлшем бiрлiгi мың теңге Коды Атауы Бір жылға арналған жиынтық қаржылан- дыру жоспары Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Атқарылу % (9 - бағ./7 - бағ.*100) Атқарылмау сомасы (9 - бағ.-7 - бағ.) Қабылданбаған міндеттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.) Бір жылға арналған күтіле тін атқары лу Атқары-лу % (13 - бағ./5 - бағ.*100) Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (13-бағ. - 5-бағ.) ББӘ бағдарлама кіші бағдарлама міндет­темелер бойынша төлемдер бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Барлығы оның ішінде: ЕТҚ бойынша үнемдеу х х х х х х х х х х х Бағамдық айырма х х х х х х х х х х х Ағымдағы бағдар- ламалар … Даму бағдарлама- лары … кестенің жалғасы оның ішінде Ескерту (ББӘ төлемдер бойынша жоспардың оындалмау себептерін негіздеуі Ескерту (ББӘ әкімшілерінің міндеттеме­лерді уақтылы қабылдамау не қабылда­мауының негіздемесі объективті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес себептер оның ішінде субъективті себептер оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бө­лі­нетін бюд­­жеттік бағдар­ламалар бой­ынша бөлін­беген қалдық өзге объекивті себептер мемлекеттік сатып алу бойынша өтпе­ген конкурстар ББӘ бюджеттік бағдарламаны тиім­ді басқармауы орындалмаған шарттық міндеттемелер өзге субъек- тивті себептер 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 х Х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін толтырады. Орталық атқарушы органның жауаптыхатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген _________ ___________________ лауазымды тұлға)/мемлекеттік мекеме басшысы (қолы) (қолды таратып жазу) Қаржы қызметінің басшысы ________ ____________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 2-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 9-қосымша нысан 200 ____ жылғы _________________ жағдай бойынша _______________ бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есеп Бюджет түрі __________ Мерзімділігі *** мың. теңге Коды Атауы Бір жылға арналған жиынтық қаржылан- дыру жоспары Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Атқарылу % (9 - бағ./7 - бағ.*100) Атқарылмау сомасы (9 - бағ.-7 - бағ.) Қабылданбаған мін­деттемелер сомасы (8-бағ. - 6-бағ.) Бір жылға арналған күтіле тін атқары лу Атқары-лу % (13 - бағ./5 - бағ.*100) Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы (13-бағ. - 5-бағ.) ББӘ бағдарлама кіші бағдарлама міндет­темелер бойынша төлемдер бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Барлығы оның ішінде: Ағымдағы бағдарламалар ... Даму бағдарлама- лары … кестенің жалғасы оның ішінде Ескерту (ББӘ төлемдер бойынша жоспардың оындалмау себептерін негіздеуі Ескерту (ББӘ әкімшілерінің міндеттеме­лерді уақтылы қабылдамау не қабылда­мауының негіздемесі объективті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес себептер оның ішінде субъективті себептер оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бө­лі­нетін бюд­­жеттік бағдар­ламалар бойынша бөлінбеген қалдық өзге объекивті себептер мемлекеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурстар ББӘ бюджеттік бағдарламаны тиімді басқармауы орындалмаған шарттық міндеттемелер өзге субъек- тивті себептер 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х х Ескерту: * 13-баған а.ж. 9 айдың қорытындысынан бастап және ағымдағы жылдың соңына дейін толтырылады *** осы Нұсқаудың 23-тармағына сәйкес есепті тоқсан сайын ұсыну үшін; осы Нұсқаудың 25-тармағына сәйкес есепті ай сайын ұсыну үшін Бюджетті атқару жөнінде уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _____________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 3-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 10-қосымша нысан ____________ жылғы жағдай бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен іске асырылатын нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің есебі Бюджеттік бағдарлама әкімшісі: _______________ Бюджеттің түрі: _____________________________ Мерзімділігі: ай сайын мың теңге ББӘ Бағдарлама оның ішінде инвест жоба Атауы РБ ____ ж. бекітілген бюджет РБ ____ ж. нақтыланған бюджет РБ ____ж. түзетілген бюджет ЖБ бөлінген және есепті кезеңде республикалық бюджеттен бө­лінетін транс­ферттердің есебінен іске асырылатын Есепті кезеңге ЖБ төлемдері бойынша қаржыландыру жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Төленбеген мін­дет­темелер сомасы (11-б.-10-б.) Бір жылға арналған жоспардың күтілетін орындалуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Нысаналы транс­ферттердің барлығы оның ішінде: Ағымдағы бағдарламалар ... Даму бағдарлама- лары ... Кредиттер кестенің жалғасы Орындалу, % (11-б./8-б.*100) Атқарылмау со­масы (11-б.-8-б.) оның ішінде Ескерту Объективті, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тәуелді емес себептер оның ішінде Субъективті себептер оның ішінде мемле- кеттік сатып алу нәтиже- лері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу өзге объек- тивті себеп- тер мемле- кеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурс­тар ББӘ бюджеттік бағдарла маны тиімді басқар- мауы орын­дал­маған шарттық міндет­темелер өзге субъек­тивті себептер 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің басшысы ________________ __________________________ (қолы) (Т.А.Ә. қолды таратып жазу) Қаржы қызметінің басшысы ________________ __________________________ (қолы) (Т.А.Ә. қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 4-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 11-қосымша нысан ____________ жылғы жағдай бойынша облыстық бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының есебі Аудан (облыстық маңызы бар қала) атауы: ________________________________________________________ Бюджеттің түрі: _______________________________________________________________________________ Мерзімділігі: ай сайын мың теңге ББӘ Бағдарлама оның ішінде инвест жоба Атауы РБ ____ ж. бекітілген бюджет РБ ____ ж. нақтыланған бюджет РБ ____ж. түзетілген бюджет ЖБ бөлінген және есепті кезеңде республикалық бюджеттен бө­лінетін транс­ферттердің есебінен іске асырылатын Есепті кезеңге ЖБ төлемдері бойынша қаржыландыру жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Төленбеген мін­дет­темелер сомасы (11-б.-10-б.) Бір жылға арналған жоспардың күтілетін орындалуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Нысаналы транс­ферттердің барлығы оның ішінде: Ағымдағы бағдарламалар ... Даму бағдарлама- лары ... Кредиттер кестенің жалғасы Орындалу, % (11-б./8-б.*100) Атқарылмау со­масы (11-б.-8-б.) оның ішінде Ескерту Объективті, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тәуелді емес себептер оның ішінде Субъективті себептер оның ішінде мемле- кеттік сатып алу нәтиже- лері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу өзге объек- тивті себеп- тер мемле- кеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурс­тар ББӘ бюджеттік бағдарла маны тиімді басқар- мауы орын­дал­маған шарттық міндет­темелер өзге субъек­тивті себептер 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының басшысы _____________ _____________________________ (қолы) (Т.А.Ә. қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 5-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 12-қосымша нысан ____________ жылғы жағдай бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының есебі Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы ________________________________ Бюджет түрі: __________________________________________________________________________________ Мерзімділігі: ай сайын мың теңге ББӘ Бағдарлама оның ішінде инвест жоба Атауы РБ ____ ж. бекітілген бюджет РБ ____ ж. нақтыланған бюджет РБ ____ж. түзетілген бюджет ЖБ бөлінген және есепті кезеңде республикалық бюджеттен бө­лінетін транс­ферттердің есебінен іске асырылатын Есепті кезеңге ЖБ төлемдері бойынша қаржыландыру жоспары Қабылданған міндеттемелер Төленген міндеттемелер Төленбеген мін­дет­темелер сомасы (11-б.-10-б.) Бір жылға арналған жоспардың күтілетін орындалуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Нысаналы транс­ферттердің барлығы оның ішінде: Ағымдағы бағдарламалар ... Даму бағдарлама- лары ... Кредиттер кестенің жалғасы Орындалу, % (11-б./8-б.*100) Атқарылмау со­масы (11-б.-8-б.) оның ішінде Ескерту Объективті, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тәуелді емес себептер оның ішінде Субъективті себептер оның ішінде мемле- кеттік сатып алу нәтиже- лері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу өзге объек- тивті себеп- тер мемле- кеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурс­тар ББӘ бюджеттік бағдарла маны тиімді басқар- мауы орын­дал­маған шарттық міндет­темелер өзге субъек­тивті себептер 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атақару жөніндегі уәкілетті органының басшысы ______________ ______________________ (қолы) (Т.А.Ә. қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 6-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 13-қосымша нысан ____________________жылғы жағдай бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің іске асырылуы туралы талдамалы есеп Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атауы: _______________________________ Мерзімділігі: тоқсан сайын мың теңге ББӘ Бағдарлама оның ішінде инвест жоба Атауы РБ ____ ж. бекі­тілген бюджет РБ ____ ж. нақтыланған бюджет РБ ____ж. түзе­тілген бюджет РБ есепті кезеңде бөлінгендігі Есепті ке­зең­ге ЖБ тө­лем­дері бойын­ша қаржыландыру жоспары Қабылданған міндет­темелер Төленген мінде­т­темелер Төленбеген мін­дет­темелер сомасы (11-б.-10-б.) Бір жылға ар­нал­ған жос­пардың күті­ле­тін орындалуы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Нысаналы транс­ферттердің барлығы оның ішінде: Ағымдағы бағдарламалар ... Даму бағдарлама- лары ... Кредиттер кестенің жалғасы Орындалу, % (11-б./8-б.*100) Атқарылмау со­масы (11-б.-8-б.) оның ішінде Ескерту Объективті, бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тәуелді емес себептер оның ішінде Субъективті себептер оның ішінде мемле- кеттік сатып алу нәтиже- лері бойынша үнемдеу ЕТҚ бойынша үнемдеу өзге объек- тивті себеп- тер мемле- кеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурс­тар ББӘ бюджеттік бағдарла маны тиімді басқар- мауы орын­дал­маған шарттық міндет­темелер өзге субъек­тивті себептер 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының басшысы _____________ ____________________________ (қолы) (Т.А.Ә. қолды таратып жазу) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №129 бұйрығына 7-қосымша Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауына 14-қосымша Нысан _____ қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы __________________________________________________ Бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы __________________________________________________________ Бюджеттiк бағдарламаның түрi: мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай ____________________________________ мазмұнына қарай ______________________________________________________________________________ iске асыру тәсiлiне қарай _______________________________________________________________________ ағымдағы/даму ________________________________________________________________________________ 1-кесте Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар Жоспарланған iс-шараларға қол жеткізе алмау себептері Жоспар Іс жүзiнде 1 2 3 2-кесте Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштердің атауы Өлшем бірлігі Жоспар Іс жүзiнде Ауытқуы (4бағ. шегеру 3-бағ.) Көрсеткіштердің орындалу пайызы (4-баған 3баған*100) Нәтижелерге қол жеткізе алмау/оларды асыра орындау және бюджеттiк бағдарлама қаражатының игерілмеу себептері 1 2 3 4 5 6 7 Тікелей нәтиже көрсеткіші: оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде: Түпкiлiктi нәтиже көрсеткіші: оның ішінде: Сапа көрсеткіші: оның ішінде Тиiмдiлiк көрсеткіші: оның ішінде Бюджет қаражатының көлемi мың теңге Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы/ Мәслихат хатшысы/ тексеру комиссиясының төрағасы __________ _____________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Бас бухгалтер __________ _____________________ (қолы) (қолды таратып жазу) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10575 болып енгізілді.