03 Наурыз, 2016

6 айда 300-ден астам босқын бала теңізде қаза тапқан

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016-boskyn balaАСТАНА. 3 наурыз. 6 ай ішінде Түркиядан Грекияға жетпек болған босқындардың 300-ден астам баласы теңізде қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды. Өткен жылдың 2 қыркүйегінен бастап жүргізілген есеп бойынша мигранттардың 300-ден астам баласы теңізде қаза тапқан. Соның бірі Айлан Курди есімді 3 жасар сириялық бала. Ол Жерорта теңізінің түрік жағалауында суға батып, қаза тапқан болатын. Осы оқиғадан кейін Еуропалық одақ теңіздегі іздеу-құтқару операцияларын жүргізуге 70 миллионнан астам еуро бөлді. Бірақ бұл шараларға қарамастан, Жерорта мен Эгей теңіздерінде қаза тапқан балалар саны азаймай отыр. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметі бойынша Грекия мен Македония шекарасында өткен жылдың қазан айында тіркелген әрбір үшінші босқынның жанында баласы болған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.