03 Наурыз, 2016

Қарағанды облысында аудан прокуроры қызметінен қуылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016 karagandyҚАРАҒАНДЫ. 3 наурыз. Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішевтің бұйрығымен Жаңаарқа ауданының прокуроры педофилмен телефон арқылы ақша туралы сөйлескені үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қылмыскер Серікбаев сот залында өзінің 10 жылға сотталғанын естігеннен кейін, аудан прокурорына жазаны жеңілдету үшін пара бергенін айтып, енді сол ақшасын қайтаруын талап еткен. Қызметтік тексеру барысында аудан прокурорының сотталушы Серікбаевпен шынында да телефон арқылы ақша туралы сөйлескені анықталған. Заңға қайшы әрекет жасағаны үшін аудан прокуроры Алмас Айтбеков қызметінен босатылып, оның орнына Жаңаарқа ауданының прокуроры болып Асылхан Әбілханов тағайындалды. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: 24.kz.