03 Наурыз, 2016

Испанияда 97 жылдық тарихы бар фестивальді өткізуге тыйым салынды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-2016 spainАСТАНА. 3 наурыз. Испанияның Жирона провинциясына қарасты Росас қаласында 97 жылдық тарихы бар фестивальді өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы newsru.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Үйрек лақтыру» немесе «үйректің соңынан қуу» деп аталатын фестивальдің басты шарты, қайық үстіндегі адам лақтырған үйректі суда жүзіп жүргендер ұстап алып, жағаға шығаруы тиіс. Бұл шара Росас қаласында әр жылдың тамыз айында 97 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келген. Алайда соңғы жылдары жануарларды қорғаушылар бұл іске бірнеше рет қарсы шықты. Нәтижесінде жеңіске жетіп, фестиваль 2016 жылдан бастап өткізілмейтін болды. Шешім бірауыздан қабылданған жоқ. Фестивальді қолдағандарға бір дауыс жетпей, жеңіліп қалды. Жергілікті биліктің мұндай шешім қабылдауына өткен жылғы оқиға себеп болды. Фестиваль кезінде іс-шараның өтуіне қарсы шыққан адамды қолындағы үйрегі бар әйел соққыға жыққан. «Уақыт бір қалыпта тұрмайды. Қоғам өзгерді», – деді бұл шараға қарсы шаққан қала мэрі Монтсе Миндан. Сондай-ақ, қалалық кеңес бұқалардан қашу дәстүріне тыйым салу жайлы мәселені талқылады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: newsru.com.