03 Наурыз, 2016

Астанаға спорт мекемелерінің басшылары жиналды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.03.2016 AST-8 АСТАНА. 3 наурыз. Астанада Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының ұйымдастыруымен «Спорт мекемелерін басқарудың заманауи әдістері» тақырыбы бойынша спорт мекемелерінің әкімшілік-басқару аппаратына арналған республикалық семинар-кеңесі өтті. Оны Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов жүргізіп отырды. Басқосуда спорт мекемелерінің басшылары Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко, Серік Сапиев, Ермахан Ибраимов пен Дәулет Сапажанов спорт мекемелерін басқарудың тәжірибесімен бөлісті. Семинарда Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамалық актілеріндегі негізгі өзгертулер мен толықтыруларға, мемлекеттік сатып алу және спорт туралы жаңалықтарға түсініктемелер беріліп, таныстырылды. Түсіндіру жұмыстарын еліміздің жетекші маман-дәріскерлер өткізді. Осы жиында орталықтың тұсаукесері өткізілді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. 03.03.2016 AST-9