03 Наурыз, 2016

Елімізде бизнеспен айналысатын әйелдердің cаны 41 пайызға жетті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.03.2016 AST-10 АСТАНА. 3 наурыз. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдердің үлесі 41 пайызға жетті.  Бұл туралы «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимованың ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» қоры әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсетуде. Мысалы, «Даму» қорының қаржылық бағдарламаларына қатысатын кәсіпкер-әйелдердің үлесі 33 пайыз болды. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 256,6 млрд. теңге кредиттердің жалпы сомасына кәсіпкер-әйелдердің 2 101 жобасы (субсидиялауды алатын барлық қатысушыларының 30 пайызы) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды алды. Қазіргі уақытта елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 48 пайызы әйелдер. Әйелдер негізінен денсаулық сақтау, білім беру, асхана, дәмхана сияқты қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz