04 Наурыз, 2016

Құқық тәртібін қамтамасыз ету маңызды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-01Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қал­мұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ішкі істер министрі кездесу барысында Мемлекет басшысына құқық қорғау жүйесін реформалау аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің алғашқы қорытындылары туралы, сондай-ақ, қылмыспен күресті күшейту жә­не елдегі құқық тәртібін қам­тама­сыз ету жұмыстары жөнінде баян­дады. Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында бел­­гіленген тетіктерді енгізу құ­қық қорғау органдарына өз функ­ция­­ларын барынша тиімді іске асы­­руға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар­баев Мәжіліс пен барлық деңгей­дегі мәслихаттар сайлауларына дайындық пен оны өткізу барысында құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Қ.Қасымов пенитенциарлық инфрақұрылымды мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту аясында жаңғырту туралы, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс қызметі, төтенше жағдайлардың алдын алумен және болдырмаумен айналысатын органдар жұмысы жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.