Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің керамикалық кірпіш шығаратын жаңа зауыты өнім бере бастады. Ол «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі аса ірі жоба саналады. Маңызды нысанды жергілікті «Элеватормельмонтаж» ЖШС құрылысшылары дер кезінде әрі сапалы атқарып шықты.
Испанияның «Solinser» фирмасының озық желісі орнатылған заманалық зауытта әртүрлі түс пен пішіндегі құрылыс өнімінің 30 түрі шығарылуда. Жұмыс түгелдей автоматтандырылған. Сапа талаптары компьютермен бақыланады. Кірпіш газбен күйдірілетіндіктен, Көкшенің экологиялық тазалығына нұқсан келмейтіні атап көрсетілуде. Кәсіпорын директоры Данила Галамбец жобаның жалпы құны 6 миллиард теңгеден асып түссе, қазақстандық үлес 2,9 миллиард теңгені құрайтындығын айтады. Көптен күткен зауытта жаңа 250 жұмыс орны құрылып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейтін алдағы кезде Көкшетау қаласының бюджетіне жылына 400 миллион теңге қаржы аударылады деп жоспарлануда.
Технологиялық сынақтан ойдағыдай өткен «ENKI» өнімдері ішкі қажеттілікпен қатар, экспорттық бағдар ұстанады. Қазірдің өзінде Ресейдің сегіз облысы мен Алтай өлкесіне Көкшетау кірпіштерін жөнелту туралы мәміле пысықталуда.
Бақберген АМАЛБЕК.
Ақмола облысы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше