04 Наурыз, 2016

Гобиге беттеген мың түйе

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-03-16-gonkiМоңғолияның түстік беткейіндегі атақты Гоби шөлінің аумағында мың түйенің қатысуымен ғасыр жарысы өткелі жатыр. Ұйымдастырушылар осы арқылы Гиннестің тағы бір рекордын жаңартуға бел буды. Жалпы, Моңғолияның Умнуговь аймағындағы Да­ланзадгад сұмынында жыл сайын түйе мерекесі өтіп тұ­рады. Даланзадгад қаласы Гоби шөлінің шығыс жағын­дағы Гурван-Сайхан-Уул тау­ларының етегінде орна­лас­қан. Ол елдің астанасы – Улан-батордан 540 шақырым қашықтықта. Ал биылғы жылы мұнда шараның ауқымы барынша кеңейтіліп, қысқы мереке «Моңғол түйесі-999» деп аталды. Ұйымдастырушылар моң­­ғолдың қос өркешті түйе­сінің даңқын асыру мақсатында бұл жолы бәйгеге мың түйе жинап қатыстырып, әлем рекордына өзгеріс енгізбекші. Реттік саны бойынша биыл 19-шы рет өткізілетін қыс­қы фестивальдің тізгінін «Тумэн тэмээ» түйемен сая­хат жасау ассоциациясы қолға алды. Мереке бағдарламасына әртүрлі қызықты шаралар енгізілген. Онда, мысалы, түйе үстіндегі поло ойыны, шұ­баттан жасалған сапалы өнімдер жәрмеңкесі, сондай-ақ, түйе жүнінен жа­салған бұйымдар көрмесі орын алады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.