04 Наурыз, 2016

Ақмола облысының оқушысы Мәскеуден жеңіспен оралды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-03-2016-kanferensiaАҚМОЛА. 4 наурыз. Ақмола облысындағы Жақайың ауданының Тасты-Талды ауылында тұратын 5 сынып оқушысы Алина Иватулина Мәскеудегі «Қазақстан-Ресей: шекарасыз ғылым» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, оқушылар мен студенттер арасындағы байқауда жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы қатарында Тасты-Талды орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Татьяна Ким де «Жаңа технологиялар және педагогтық тәжірибе» аталымында «Бастауыш сыныптарда оқушыларды тәрбиелеудегі музыкалық-дидактикалық ойындардың маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Ауыл мұғалімінің еңбегі үздік деп танылып, Ян Амос Каменский атындағы халықаралық медальмен марапатталды. Бұған дейін Татьяна Ким мен оның оқушысы Алина Иватулина «Зерде» жобасының облыстық байқауында және Ақтөбе қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жүлдегер атанған болатын. Бақберген Амалбек. Дерек: egemen.kz. Сурет: ineu.edu.kz. 04-03-2016-kanferensia1